My Weblog: kutahya web tasarim umraniye elektrikci uskudar elektrikci umraniye elektrikci istanbul elektrikci satis egitimi cekmekoy elektrikci uskudar kornis montaj umraniye kornis montaj atasehir elektrikci beykoz elektrikci

Қазақстандық танымал дуэт Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева егіз ұлды болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «МузАрт» тобының мүшесі, әнші Сәкен Майғазиевке сілтеме жасап.

Майғазиев Instagram желісіндегі парақшасында өнердегі әріптесін құттықтап, жылы лебізін білдірді. «Тоқаш досым, 3 ұлдың әкесi атанғаның құтты болсын! Ұлдарың өзiңнен өте тусын. Алла тағала Бейбiт екеуiңе баянды ғұмыр бергей«, — деді әнші өз парақшасында. Сонымен қатар, «Жігіттер» тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымов та бірінші болып құттықтағандар арасында болды. Өнердегі әріптесіне ол «Алла тағаланың шеберлілін-ай. Тоқтар ағамыздың шаңырығында үлкен қуаныш. Шекесі торсықтай егіз ұл өмірге келді. Бейбіт жеңгемен бақыттарыңыз баянды болсын! Тіл-көзден аман болыңыздар!«, — деп тілек білдірді Әбдірайымов.

Естіріңізге сала кетейік, 2007 жылы отбасын құрған Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның Беколжас есімді ұлдары бар.

Пікір жоқ

Пікір қосу