Тойбастар

0
5822

Тойдың аты той. Күш сайысы да, сөз сайысы да осында. Өнерлінің бақыты озып, өнерсіздің шабыты қозып, әйтеуір қай қайсының да бей жай қала алмайтыны  анық осындай сәттерде. Оның үстіне ол қыз ұзатып, келін түсірген, жаңа бір отаудың шаңырағы көтерілген той болған соң, сөз бар ма?! Мұндай да тойдың қызықты өтуі оның қалай басталғаны да байланысты болғандықтан жүктің ауыры тойды бастаушыға түседі. Тіпті шырқатып салар әншілік те жұрттың құмарын қандыра қоймады. Мұның үстіне тапқырлық та, шешендік  те, ақындық та қажет, той қай той, кімнің тойы?

Тойбастар,үйлену той,қыз ұзату

Той иесінің ел арасындағы беделі, орны қандай?  Тойдағы сайыстардың түрлері қаншалықты, қай жерде , қай кезде өтеді? Сондай ақ қыз ұзатылар той болса, қалыңдықтың қаяулы көңілін майдалай желпіп, ебімен сергітерліктей  сөз  орайын тауып, ал келін түсіретін той  болса шалқыған сезімнің тиегін ағытып, желдірте  жырлай, шырқай білуі керек. Осылайша екі жақтың да көкейінен шығып, әрі той барысын әдемі суреттеп берген той бастауышының аты алты алашқа жайылады, сый- сияпатқа да кенеледі.

тойбастар, қыз ұзату, үйлену тойы

Тойбастар жиын-тойдың аяқталғанын, бірақ қуаныштың алда да жалғаса беретінін білдіреді. Тойбастардың мазмұн-мақсаты той иесін мадақтап, отбасы құрғалы отырған екі жасқа игі тілек, бата, ақыл-кеңестер айту. Айтушының қабілетіне қарай жаттанды өлең түрінде де, жанынан шығарылып та айтыла береді. Өлең құрылысы, ұйқасы көбінесе қара өлең, жыр үлгісінде келеді

Әр жерде әр түрлі тойбастар жырын айтады. Солардан үзінді келтіріп өтсек:

            Біз келдік той бастауға домбыра алып,

            Кетуші ек, айғай салсақ топты жарып.

            Айтайын азырақ сөз тойыңызға,

            Тыңдасаң, көп әлеумет, құлақ  салып…

 

             Біз келдік той дегенге жиылысып,

            Үстіге бар асылды киінісіп.

            Ондасын сапарыңды бір құдайым,

            Қомдасын қанатыңды түйінісіп…..

 

              Ассалаумағалейкум, жиналған көп!

            Бұл тойға тәңір айдап келіппіз  дөп

            Болыпты жұрт көрмеген ұлы той

            Таң қалып қарағандай жер менен көк….

 

             Белгілі бұл қазаққа тілдің желі.

            Той қылдың жұрт жиналған мерекелі

            Сәрсенбі сәтті күні той қылыпсыз

            Тойыңыз тойға ұлассын берекелі!…

той, тойбастар

Осылай деп  тойды ауылға қонаққа келіп жатқан қонақтар бастайды, тойбастардың сый -сияпатын тойдың сарқыты етіп, өзара бөлісіп алады. Той тойға ұлассын!

Пікір жоқ

Пікір қосу