Табиғилықтан артық не бар?

0
2332
табиғилық

Иә, табиғат біздің бойымызға жыныстық қатынас кодын  еккен. Сол пісіп-жетілгенде ешбір оқу — тоқусыз-ақ жүзеге аса береді. Қанға табиғи код ретінде енген, оқымай-тоқымай білетін табиғилықта бір «бірақ» бар. Ол бірақ ұрғашы мен еркек табиғи соқыр түйсікпен қарым-қатынасқа түскенде, екі жақтың әр қайсысы өзінің жеке бас тән ләззәтін ғана құнттайды. Соны қанағаттандырса болды, басқамен шаруасы жоқ. Бұл орайда табиғи шектелу олқылық туғызады.

Құрметті оқырман біздің әңгімеміз жаңа үйленіп, отау құрған ерлі — зайыптылар арасындағы қатынас екенін біле жүріңіз. Соның жарасымы. Ерлі зайыптылық махаббат, іңкәрлік деген қасиетті ұғым. Салқын қанды, ештеңені білмейтін әйелін жұптастық өмірге баулу керек. Сауатың болмаса қалай баулисыз? «Екеудің құпиясындағы» жазбалардың мақсаты осындай жағдайлардан шығудың жолдары мен сауатты қол ұшын беру. Ағайындар, бауырлар иітпесең, сиыр екеш сиыр да сүт бермейді емес пе? Сол себепті аяулы жарыңызды аялап, оята біліп төсек ләззәтін сыйлай біліңіз. Көбіміз бала көтермейсің деп қабағы қырыстаны бар. Бала жалғыз ғана еркектің шәуетінде ғана  ма екен? Әйел ұрық шашпаса, әрекеттің құмға сінген тамшы емес пе? Дән себерде жерді де қопсытады өңдейді, баптайды, ал қу тақырға шашқан дәннен егін өне ме? Міне, жыныстық сауаттың керектігі осыдан.

Пікір жоқ

Пікір қосу