Тұрсынбек Қабатов ұлына Нұриман деп ат қойды

4
3770
Тұрсынбек Қабатов ұлын Нұриман деп атады

Кеше хабарлағанымыздай, бұрынғы «Базар жоқ« қазіргі астана қаласы көңілді тапқырлар театрының директоры, сықақшы Тұрсынбек Қабатов ұлды болды.

Үш қыздан кейін өмірге келген, шекесі торсықтай ұлын Тұрсынбек Қабатов Нұриман деп атап, сәби мен анасын бүгін перзентханадан шығарып алды.

Сықақшының қуанышын өмірдегі және өнердегі достары Қалқаман Сарин, Медет Салықов,  «Бәтерек» тобының әншілері бірге бөлісіп, бәрі сәби мен анасын перзентханадан шығарып алуға жиналды. Баланың кіндік әкелері болып  «Бәйтерек» тобының әншілері бекітілді.

Жаңа өмір есігін ашқан Нұриман Тұрсынбекұлына сәтті қадам тілейміз. Әкесі сияқты ел азаматы болсын!

Суреттер Медет Салықов пен Қалқаман Саринның фейсбук парақшаларынан алынды.

4 Пікір

  1. Ооо Тұрсынбек аға Нұриман ұлыңыздың бауы берік болсын!!! Сіздің жолыңызды берсін!БазаР жОқ!)

Пікір қосу