Сыңсыма

4
2057

«Сыңсыма» қазақ қыздарының зары емес, назы. Онда ұзатылған қыз назды, сазды жырын, ең алдымен ата анаға, аға іні, әпке сіңілілерінің көңілін аулай бастайды. Одан соң, ел жұрты мен кішкентайдан бірге ойнап күлген құрбы құрдастарымен қоштасады. Әке үйіндегі еркін өмірін, еркелеген көңіл назын айтып, құрбы құрдастарының жан сезімін оятып бірге жүрген тәтті күндерін еске алады. Бұл қыздың көңілге бүккен, жүрекке сақтаған ішкі сырларын емін еркін ақтарып тастап, рухани жеңілдеуі. Қыздың сыңсуы — жарасымды әрі тәрбиелік мәні бар салтанатты салт. Бұл адамгершілік, әдептілік жағынан алғанда да өте орынды дәстүр. Өйткені балалық күндерден ағайын ортасынан бөлініп кету оңай іс емес. Ал қазақтың қазіргі қыздары бұл дәстүрдің алтын арқауын үзді десе де болады. Өйткені ауыл, үй аралап, сыңсыу, жылау түгілі, оң жақтан аттанарда күліп, қуанып жүргендерін де көз көрді. Бұл ұлттық тәрбие мен ұлттық мәдениеттің ұмытылғандығынан деп танимыз. Сыңсу айтылғанда қалыңдықтың екі жағында екі жеңгесі жүреді.

 

http://www.youtube.com/watch?v=D3nMbPzuK1Y
[box type=»shadow»]

4 Пікір

  1. Жалпы мына сыңсудың қызығы жоқ… Жігітпен қол ұстасыып шығып кеткендері де ыңғайсыз… Сосын қызбен қоштастырмау керек, себебі оның жолын бөгеп, сыңсу айтып болған соң артына қарауына болмайды… Бұл Батыстікі болса керек, Оңтүстіктің бар тойында солай

  2. сыңсу айту қазақтарға тән қасиет емес пе? оның несі зар. бұрынғы кезде айтқан, қазір біздің дәуірімізге қайта оралып келе жатыр.өте дұрыс деп ойлаймын.

Пікір қосу