Сыңсу

1
7868

Той думан басылып, түрлі ырым-сырымдары біткен соң, құда құдағилардың бірталайы келін баратын (қыз шығаратын) күнге келісіп алып аттанып кетеді. Тек бас құда мен күйеу жігіт қана жолдастарымен келінді алып кетуге қалады. Осы арада қызды аттандарып салудың жөн жосығы басталады. Қыздың жеңгелері ұзатылатын қыздың жүрек қобалжуын тиып, жолға жақсы әзірленуіне, қандай киім киіп, өзін қалай ұстауына дейін егжей тежейлі түсіндіріп, ақыл кеңесін айтып, әзіл қалжыңмен жебей жүріп, оған үйінен аттанар алдындағы өтеуге тиісті салтты, орындауға тиісті жол жосында үйретеді.

сыңсымаЕртең шығарады деген күні қыз күйеу жігітпен бірге кешкі асты ең жақын бір туысының үйінен ішеді. Ауыл жастары да сол үйге жиылып, әзіл қалжыңдарын айтып отырып тамақтанады немесе қыздың өз үйінде тамақтанады.

Ас ішіліп болған соң, қыздың жақын жеңгелерінің бірі орнынан тұрып, қыздың киіп жүрген үкілі тақиясын немесе бөркін алып кереге басына іліп қойып, оның орнына сәукеле немесе желбіреген төбетай кидіріп қояды. Бұл ұзатылған қыздың туған ел жұртынан басына қасиетті киім киіп қоштасуының алғашқы белгісі есептеледі. Осы  орайда, қыз «сыңсыма» жырын бастайды:

                Жат жұрттық боп барамын өскен елім,

                Кір жуып , кіндігімді кескен жерім.

                Ата ана, аға бауыр, сіңлілер,

                Көкейімнен мәңгілік кетпес менің.

                Ақ отауым тіккен жер майдан болсын,

                Оның іші шат күлкі, сайран болсын.

                Басқа жұрт қанша әлпештеп бақсадағы,

                Өзімнің ата анамдай қайдан болсын.

                Қыз дәуірім қызықты қайта келмес,

                Қайран ел, қайран жұртым  аман болсын!

                Алтындай менің босағам,

                Аттап бір шығам деп пе едім?

                Күмістей менің босағам,

                Күңіреніп шығам деп пе едім?

                Базардан келген құйыссқан,

                Таралмай шашым ұйысқан.

                Барып келіп жүріңдер,

          Сағындырмай туысқан; -деп перзенттік көңіл күйі мен шынайы жүрек сырын ақтарады.

Қазіргі  күнде сыңсыма айтуды қызды ұзату тойы кезінде арнайы жалдаған актрисалар қызды алып кетейін деп жатқан кезде орындайды. Сыңсыманы қызды ертіп жүріп орындап, әр туысымен жеке-жеке қоштастырады. Қыз осы кезде өзіне берік болуы керек. Іштей «мен бақытқа қадам басып барамын» деп өзін-өзі ұстауы керек. Сыңсыма айтылып жатқан кезде жылағаныңызды көрген күйеу жігіт мұңайып, көңіліне алып қалуы мүмкін. Сондықтан, сабырлық танытыңыз және жарыңыз сізді алып бара жатқанда артыңызға қарамауға тырысыңыз.

1 пікір

Пікір қосу