Сүйіктің үшін стриптиз биле!

2
3730

Эротикалық би сүйіктіңе арналған нағыз сыйлықтың бірі. Әсіресе, туған күнінде немесе ғашықтар күніне орай ерекше сый жасағың келсе осы бастан дайындық жүргізе беруіңе әбден болады.

Егер дәл осы сыйды тарту етемін деп шешіп қабылдасаң, онда бірнеше ережені білгенің абзал. Әйтпесе артық қыламын деп, тыртық қылып алуың да мүмкін.

№1 ереже

Көңіл күйіңе қарап музыканы дұрыс таңдай біл. Өзіңе ұнайтын, билете білетін әнді қосып қойып, еріңнің алдында өнеріңді паш етуге болады.

№ 2 ереже

Би кезінде жаныңдағы серігіңнен көзіңді алмай байланыс жасау керек. Көзіне тік қарап сезіміңді білдіруге мүмкіндік бар. Өйткені көз арқылы бәрін ұғуға болады.

№ 3 ереже

Қимылдап жүріп жігітіңе сүйкеніп, құшақтап алу керек. Ал, ол тек сенің іс әрекеттеріңді бақылап, ләззат алуы тиіс.

№ 4 ереже

Стриптиз билегенде дене бітіміңді жасырып жүрудің қажеті шамалы. Барынша ашық киініп, сұлу тәніңді көрсету керек. Егер денең толық болып, көрсетуге ұялсаң осы бастан диетаға отырғаның дұрыс болар. Тек өзіңе сенімділік пен аз ғана тәжірибе жинақтасаң болғаны. Ешқашан ұмытпа, сүйіктің үшін сен ең әдемі болып табыласың.

№ 5 ереже

Жарыңа өнеріңді көрсетпес бұрын, әуелі стриптиз биіне арналған киім таңдауың керек. Дайындық барысында айнаға қарап, сол ашық киімді киіп көріп, қайта қайта билеп көр.

№ 6 ереже

Алдын ала кең, таза бөлме дайындап алғаның дұрыс. Себебі, би кезінде бір орында тұрып қалмай, әр түрлі қимылдар жасауың керек. Арасында шашыңмен де ойнап, назарын өзіңе аудар.

№ 7 ереже

Кәсібі бишілердің орындап жүрген трюктарын қолдана біл. Егер солай жасай білсең, сексуальды бикешке айналасың.

Ақпарат comode.kz сайтынан алынды

2 Пікір

  1. Кайдагы стриптиз уйде ата енен бар абысын кайнаган бар дегендей,стриптиз тугили аптасына бир рет зорга косыламыз,тунде неге журесин,сыкыр сыкыр етип уйкы бермединдер ,суды сарылдатып агыздындар т.б создеринен кейин косылуга желаниян курып кетед!

  2. Кайдагы стриптиз,ол тугили аптасына бир рет зорга косыламыз,тунде неге журесин,сыкыр сыкыр етип уйкы бермедин,суды сарылдатып агыздын или тагы баска сол сиякты создери коп,немере кайдан келип жатыр,осылар али жас кой деген сиякты ойлану жок кой оларда,оздерине тек тыныш уйкы болса болды!

Пікір қосу