Super Junior тобының әншісі Сонмин мен актриса Ким Са Ын желтоқсан айында үйленеді

0
1221
Super Junior тобының әншісі Сонмин

18 қазан күні KBS «Entertainment Weekly» арнасының хабарлауынша, Super Junior тобының әншісі Сонмин мен мюзиклдер актрисасы Ким Са Ын 13- желтоқсан күні үйленеді. 

Сонмин мен Ким Са Ын

Ким Са Ын қарайтын Golden Eight агенствосының өкілінің хабарлауынша, «екі жастың ата-анасы болашақ той жоспарын кездесіп талқылап қойған. Алғашқы кездесулері «Үш мушкатер» мюзиклының қойылымы кезінде болып тойдың өтетін уақытын екі жақ ұзақ талқылаған«. 

Сондай-ақ, агенттіктің айтуы бойынша, «үйлену той жабық түрде өтіп, тойдан кейін екі жас бірден бал айын өткізуге аттанады».

Сонмин

Super Junior тобының әншісі Сонмин өзінің отбасын құратынын өз тыңдарманына хат арқылы жеткізіп, болашақта да олардың сүйікті Сонмині болу үшін бар күшін салатынына уаде беріпті.  

Пікір жоқ

Пікір қосу