Спорттағы танымал жұптар

1
1505
Спортсмен жұптар
Оларды бір-бірімен тек махаббат қана емес, спортқа деген қызығушылық, бір-біріне деген сенім, бір-біріне жанкүйер болу да араларын жалғап тұр. Бүгін біз сіздерді спорттағы танымал жұптармен таныстырмақпыз.

Линдси Вонн (тау шыңғысы) және Тайгер Вудс (гольф).

Линдси Вонн (тау шыңғысы) және Тайгер Вудс (гольф)

Линдси Вонн АҚШ тың танымал спортшысы биылғы өтіп жатқан Сочи 2014 олимпиадасына жарақатына байланысты келе алмайтынын мәлімдеген болатын. Ал танымал спортшы Тайгер Вудспен 2013 жылдың наурыз айынан бастап өздерінің қарым-қатынаста екендерін мәлемдеген болатын.

Штеффи Граф (теннис) және  Андре Агасси (теннис)

Штеффи Граф (теннис) және  Андре Агасси (теннис)

Американдық  Андре Агасси мен неміс қызы Штеффи Граф үлкен теннисте 30 рет жеңіске жеткен.  Оның 22 сі Штеффидің есебінде. Танымал теннисистер 2001 жылдың қазан айында отбасын құрған. Қазір танымал спортшылар екі бала өсіріп отырған ата-ана.

Роберт Левандовски (футбол) және Анна Стачурска (каратэ)

Роберт Левандовски (футбол) және Анна Стачурска (каратэ)

Польшаның танымал шабуылшысы  Роберт Левандовски көп танымал футболистер сияқты сән көрсетуші емес өзіне жар ретінде Польшаның каратеден чемпионы Анна Стачурсканы таңдады.

Лив-Грет Скьелбрейд (биатлон) және  Рафаэль Пуаре (биатлон)

Роберт Левандовски (футбол) және Анна Стачурска (каратэ)

Әлем кубогының 4 дүркін жеңімпазы, 8 дүркін әлем чемпионы, 3 дүркін Олимпиада ойындарының жеңімпазы Француз Пуаре мен Олимпиада ойындарының үш дүркін жеңімпазы, әлем чемпионатының сегіз дүркін чемпионы болған норвегиялық ару Лив-Грет Скьелбрейд екеуі 2000 жылы үйленген. Спортсмендер үш қыз тәрбиелеп отыр.

Мария Кириленко (теннис) және Александр Овечкин (хоккей)

Мария Кириленко (теннис) және Александр Овечкин (хоккей)

Екі жыл кездескеннен кейін 2013 жылы Александр ең әдемі теннсист қыз Марияға үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Бірақ тойлар әлі болмады.

Елена Дементьева (теннис) және Максим Афиногенов (хоккей)

Мария Кириленко (теннис) және Александр Овечкин (хоккей)

Тағы да бір хоккейлі-теннисті жұп – Елена Дементьева мен Максим Афиногенов 2011 жылдың шілде айында отбасын құрған болатын.

Каролин Возняцки (теннис) мен  Рори Макилрой (гольф)

Каролин Возняцки (теннис) мен  Рори Макилрой (гольф)

Әлемнің экс-бірінші ракеткасы, дат қызы Каролин Возняцки  2011 жылдан бастап ағылшындық гольфист Рори Макилроймен кездесіп жүр.

Татьяна Тотьмянина (мәнерлеп сырғанау) мен Алексей Ягудин (мәнерлеп сырғанау) 

Татьяна Тотьмянина (мәнерлеп сырғанау) мен Алексей Ягудин (мәнерлеп сырғанау)

Алексей Ягудин мен Татьяна Тотьмянина екеуі де әр жылғы қысқы олимпиада ойындарының жеңімпазы.

Оксана Хвостенко (биатлон) мен  Вячеслав Деркач (биатлон)

Оксана Хвостенко (биатлон) мен  Вячеслав Деркач (биатлон)

Бұл биатлоншылар жұбы украиндаға ең танымал спортышалар қатарында. Екі бала тәрбиелеп өсіріп отыр.

Оксана Домнина (мәнерлеп сырғанау) мен Роман Костомаров (мәнерлеп сырғанау)

Оксана Домнина (мәнерлеп сырғанау) и Роман Костомаров (мәнерлеп сырғанау)

Тағы да бір мәнерлеп сырғанаушылар жұбы. 2011 жылы тұңғыш қыздары өмірге келген болатын. Жұптық мәнерлеп сырғанау шеберлерінің парлары бөлек адамдар.

Ал ендігі кезекте Қазақстандық спорттағы танымал жұптармен сіздерді таныстырайық: 

Майя Манеза (ауыр атлетика)  мен Вячелав Ершов (ауыр атлетика)

Майя Манеза (ауыр атлетика)  мен Вячелав Ершов (ауыр атлетика)

Екі дүркін әлем чемпионы, Лондон олимпиадасының жеңімпазы Майя Манеза мен Вячелав Ершов екеуі 2013 жылдың сәуір айында отбасын құрып, сол жылы тамыз айында Арсений атты ұлдың ата-анасы атанған болатын.

Светлана Подобедова (ауыр атлетика) мен Владимир Седов (ауыр атлетика)

Светлана Подопедова (ауыр атлетика) мен Владимир Седов (ауыр атлетика)

Олимпиада чемпионы Светлана Подобедова да Лондон олимпиадасынан кейін 2009 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионы болған Владимир Седовқа тұрмысқа шықты.

Алмат Кебіспаев  (грек-рим күрескері ) пен Айжан (суда жүзу)

Алмас Кебіспаев  (грек-рим күрескері ) пен Айжан (суда жүзу)

 Грек-рим күрескері Алмат Кебіспаев жары Айжан екеуі 2013 жылдың қазан айында отбасын құрды.

Асхат Житкеев (дзюдо) пен  Елена Павлова (волейбол)

Асхат Житкеев (дзюдо) пен  Елена Павлова (волейбол)

Пекин олимпиадасынан кейін спортсмендер отау құрған болатын, қазір Томирис атты қыз тәрбиелеп өсіріп отыр

Максим Гербер (қазақша күрес) мен  Надежда Бротгал (волейбол) 

Максим Гербер (қазақша күрес) мен  Надежда Бротгал (волейбол)

2013 жылдың тамыз айында отау құрып, Максимнің туған жері Әулие көлде тойларын жасаған болатын.

Сана Жаралғасова  (волейбол) мен Медет Анарқұлов  (волейбол)

Сана Жаралғасова  (волейбол) мен Медет Анарқұлов  (волейбол)

Былтырғы жылдың ең сұлу спортшы қызы атанған Сара Жарағасова 2013 жылдың қазан айында воолеболшы Медет Анарқұловқа тұрмысқа шыққан болатын.

1 пікір

Пікір қосу