Сочиде Олимпиада есімді қыздар өмірге келді

1
943
Олимпиада есімді сәбилер

Кеше, яғни 7- ақпан күні Ресейдің танымал қаласы Сочиде қысқы ақ Олимпиада ойындары басталды. Сочи Олимпиадаларының қарсаңында Сочи қаласында  Олимпиада есімді екі қыз өмірге келді.

Қыздардың ата-анасының айтуы бойынша, олар балаларын күтіп жүрген күннен бастап «Олимпиада» есімін беретіндерін ойлаған екен. Бұл екі сәби Сочи қаласында Олимпиада есімін иеленген алғашқы қыздар екен. Бірі 1- қаңтар күні дүние есігін ашса, екіншісі 7- қаңтар күні дүинеге келген.

Фрунзик Мкртчянның шөбересі
Фрунзик Мкртчянның шөбересі

7- қаңтар күні өмірге келген сәби, танымал актер Фрунзик Мкртчянның шөбересі боп келеді. Яғни, қыздың әкесі Александр Мкртчян актердың бауырының немересі екен.

«Олимапиада ойындары қарсаңында өмірге келген балалардың қаншасы Олимпиада есімін алады» деген ой Ресейлік басылымдарды ойландырды. Себебі, «Олимпиада» есімі әлем бойынша сирек кездесетін есімдер қатарына жатады. Грек тілінен аударғанда «аспанды жырлау» немесе «құдайды жырлау» деген мағына береді. Ең танымал Олимпиада есімін иеленген адам ретінде Александр Македонскийдің анасы Олимпиада Эпирлік саналады.

Олар осы уақытқа шейін Ресей жерінде Олимпиада есімін иеленген қанша адам барын санап көрген болатын. Олимпиада есімінің кең тараған екі ауданы белігілі болды: бірі Саратов облысы мен Челябинск облысы. Мұндай сирек кездесетін есімді көбіне жасы үлкен кісілер иеленгені де белгілі болды.

Саратов облысында Олимпиада есімді 65 әйел адам өмір сүреді екен. Оның ең үлкенінің жасы 93 ке толса ал ең кішісінің жасы 7 жаста болып шықты. Оның ішінде Саратов қаласының өзінде 27,  Вольск қаласында 9, Балаковта 8 Олимпиада өмір сүріп жатыр екен. Ал 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасы кезінде тек бір ғана қыздың бұл есімге ие болғаны белгілі болды.

Ал Челябинск облысында Олимпиада есімді 124 апаның өмір сүріп жатқаны белгілі болды. Олардың 64 нде Олимпиада болса, 60 ның паспортында «Алимпиада» деп жазылған екен. Бұл апалардың бәріне грек құдайларының әсер болса керек, көбінің жасы 80 ді алқымдап қалыпты.  Олимпиада Блинованың жасы 95 ке келген. Ал оның Усть-Катавадағы аттасы Олимпиада Автиннің жасы 90 да, 1924 жылы Францияда өткен алғашқы қысқы олимпиада кезінде өмірге келген.

Естеріңізге сала кетсек, біздің елімізде 2011 жылы өткен Азиада ойындарында 40 сәби Азиада есімін алған болатын.

1 пікір

Пікір қосу