Соғым қуырдағы

0
1625
соғым қуырдағы

Қыс айы келгендіктен қазақтар үшін ең маңызды кезеңнің бірі соғым сою маусымы басталады. Соғым сою қазақтың баршылықта, молшылықта өмір сүріп жатқанының белгісі. Соғым сойған кезде ең асыға күтетін тағам ол — қуырдақ. Соғым қуырдағының дәмі басқа қуырдақтардан ерекше болады, жаңа сойыла салған соғымның тұздалмаған жас етіннен жасалады. Соғым қуырдағы көбіне көп адамға жасалады, соғым союға келген кісілердің бәріне жету үшін қазанда жасалынады. Біз құрамында сол 8-10  адамға арналған түрінде ұсынамыз.

Соғым қуырдағына керек заттар:

1. 3-5 кг жас ет, жүрек, бүйрек, іш май аздап

2. 1.5-2 кг картошка

3. 1-2 пияз, 1-2 бас сарымсақ

4. тұз, бұрыш

5. су май (пісте май)

Біздің жақта (автордан: Алматы облысы Райымбек ауданы) соғым сойылған кезде етті турау өте қиын, сондықтанда етті ет өткізгіштен (мясорубка) өткізіп турап аламыз. Қазанға сумай құйып етті салып қуырамыз, бетін жауып қойып бұқтырып өз суына пісуге құйып қоямыз. Ет салып қойып картошканы ұзыншақ етіп жұқалап (саломка) етіп турап, пияз бен сарымсақты да турап қоямыз.

Етті жақсылап қуырып, бұқтырып үстіне пияз бен сарымсақты турап бұқтырамыз. Үстіне туралған картошканы салып, піскенінше араластырып тұрамыз. Өз сулылығы жеткілікті сондықтан да су құюдың қажеті жоқ. Шамамен картошканы салғаннан кейін 20 минуттан кейін қуырдақ дайын болады. Астарыңыз дәмді болсын!

Жылқы сойған кезде қазыға арнайы сарымсақты ұсақтап турап тұзға араластырып етті тұздап қазы айналдырады. Сиыр сойған кезде де осы әдісті қолданып етті тұздаса ет жылқы етіндей дәмді болады. Тек сарымсақты қазы айналдырғанға қарағанда тұзын 5/1 салған дұрыс, яғни 5 кг тұзға 1 кг сарымсақ (чеснок).

Соғымдарыңыз шүйгін болсын!

Пікір жоқ

Пікір қосу