Сиви Махмуди екінші рет ана атанбақ

3
1608
Сиви Махмуди екінші рет ана атанбақ

Қазақстан эстрада жұлдызы Сиви Махмуди екінші рет ана атануға дайындалып жүргенін өзінің әлеуметтік желідегі бетшесі арқылы хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, Сиви Махмуди 2012 жылдың қаңтар айының соңында Арсен атты бизнесменге ДубайСиви Махмуди күйеуімен қаласында тұрмысқа шыққан болатын. Дубайда өткізген той салтанатының құны 300 000$ болғанымен қатар, 160 адам арнайы той үшін Қазақстаннан алдырылған. Тойға қалыңдық той көйлегінің орнына топик пен шалбар киген болатын.

Ал осы 2013 жылдың басында, яғни, қаңтар айында өзінің тұңғышын Тайландтың Паттайя қаласында босанған болатын. Тұңғышын өмірге аман-есен әкелгені үшін жолдасы да үлкен сыйлық жасаған болатын.

Біз өз кезегімізде аяғы ауыр жас әншіге денсаулық тілейміз, қазақтың санын арттыруға өз үлесін қоса берсін демекпіз!

Қалай ойлайсыздар, екінші сәбиін жұлдыз қайда босанар екен?

Суреттер Сиви Махмудидің әлеуметтік желісінен алынды  

3 Пікір

  1. Өткенде ғана бір жиында көргенмін. Аяғының ауырлығына қарамастан келіп, елмен бірге дидарласып, қуанышқа ортақтасып жатты. Жарайсың, аман-есен босан дегім келеді. Адл негізі, мен оны әнші ретінде мойындай алмаймын.

Пікір қосу