Шын жүректен құттықтаймыз!

5
4343
Мейіржан мен Фатима

Қол ұстасып жаңа өмірге қадам басқан, Массагет.кз сайтының контент-менеджері, блоггер Мейіржан Әуелханұлы мен Фатима екеуіңді өмірлеріңдегі елеулі оқиға отау құрып, шаңырақ көтерген  қуаныштарыңмен шын жүректен құттықтаймыз! Сендерге зор денсаулық, баянды махаббат, ұзақ ғұмыр, мәнді өмір тілейміз!

Қолтықтасып мәңгілікке жұптасқандай,

Қос жүрек бірге соғып құптасқандай. Мейіржан Әуелханұлы

Мейіржан мен Фтима отау құрды,

Алдағы армандары ұштасқандай.

Сендердің әке -шешең текті елден,

Өнегелі адамдар шыққан жерден.

Ата –баба атына дақ түсірмей,

Әрқашан көрініңдер биіктерден!

Босағасы отаудың берік болсын,

Бастарыңа қайтпайтын бақыт қонсын.

Кереге кең, шаңырақ биік болып,

Шат күлкісі сәбидің үйге толсын.

Қол ұстасып ағын судай тасыңдар,

Бірге жүріп сан асудан асыңдар.

Белдеуінен ат кетпес ақорда боп,

Сәт сапар алға қарай басыңдар!

Өздеріңе деген ізгі ниет, ыстық ықыласпен: неке кз сайты!

суреттер массагет.кз сайтынан алынды

5 Пікір

Пікір қосу