Шөпеткен

8
4773

Шөпеткен — салмасы бар қамыр тамақ. Көп жерлерде шөпеткен, шымшыма, әуре  тамақ, ашық манты деп атайды.  Шөпеткен, 4-5 адамға арналған тойымды тамақ. Шөпеткенді дайындаған күні міндетті түрде бір-екі сусын алып қойыңыз, тамақ аздап шөлдетеді.

Керек заттар: ет, капуста, сәбіз, пияз, сарымсақ, картоп, су, ұн, су май (пісте май).
Ет пен капуста сәбіз пиязды төрт бұрышты етіп турап, рет- ретімен қуырып бәрі бататындай етіп қана су құйып қайнатамыз.
shopetken002

Қуырып су құйып қойғасын, қамыр илеп жаямыз. Қамырды жайып кеспей тұрып үстін түгелдей сумаймен (пісте май) жұқалап майлап шығамыз да мантының қамырында етіп кесеміз.

Етіміз пісті ау деген кезде қазанға төмендегідей етіп қамырды орналастырамыз.

Барлық қамырды толықтай судың бетін жапқанша жауып шығамызда 25 минутқа газдың астын өте қатты баспай жай отта пісіреміз. Қорықпаңыз қамырыңыз жабыспайды.
Тамақ дайын болған кезде қамырын бөлек, қимасын бөлек саламыз (қамырды қима салған табақтың шетіне тізуге де болады).
shopetken006
shopetken007
Әр кім тамақты өз қалауынша орап жейді.

Астарыңыз дәмді болсын!

8 Пікір

  1. Мен мынадай тағамды білмейді екенмін… Алдағы уақытта жасап көреремін))

  2. мен шөпеткенді бурыннан писирип журмин,алайда ар молда билгенин окиды дегендей менин писиретин шөпеткеним баскаша. мен ысылган домалак камырды майлап устине уактап жуа тураймын, сонда нан вообще жабыспайды

  3. Дәмі әлі аузымда бар)) есіме түсіп кетті ғой. Шымшыманың жасалу жолын сұрағанға осында іздеп келдім. (самйликтер неге жоқ а?)

  4. Мына тамақ туралы бірінші естіп отырмын,тәбет ашарлықтай екен,дайындап, жеп көрерміз Алла қаласа.

  5. мына тамак туралы бірінші рет естіп отырмын өте тамаша тагам екен, әлі жасап көргенім жоқ болошакта жасап көрем. рахмет шыгарган адамга.

  6. «Ар елдин салты баска, иттери кара каска» демекши бизде бул тагамды шымшыма дейди. Азирлеп кориниздер тойымды, ари дамды тагам ….

Пікір қосу