Шакира мен Жерар Пике екінші рет ата-ана атанды

0
1544
Шакира мен Жерара Пике екінші рет ата-ана атанды

Танымал әнші Шакира мен испандық «Барселона» клубының қорғаушысы Жерар Пике бүгін түнде екінші рет ата-ана атанды. Шакира кесер тілігі (кесарева сечения) арқылы өмірге екінші ұлын әкелді.

Шакира

Испандық басылымдардың хабарлауынша, Шакира кеше кешкі 18:55 те 2013 жылы бірінші ұлы Миланды босанған Quirón Teknon перзентханасына жеткізілген. Олар жарты перзетхананы жалға алған. Сондай-ақ, Шакира өз терезесінің қасына биік гүлді ағаштарды қойғызған, бұл гүлдер арқылы 27- қаңтардан бері аурухана төңірегін торауылдаған журналистерден қорғанбақ болған.

Сәбидің есімі әзірге белгісіз, алайда Шакира мен Жерардың таныстарының айтуынша сәбидің аты Андреа (Andrea) не Саша (Sacha) болуы мүмкін.

Сәбиге ұзақ ғұмыр тілейміз!

Пікір жоқ

Пікір қосу