Сексуалдық тәжірибе

1
6850
сексуалдық, секс, жыныстық мүше,жыныстық қатынас,сексуалдық би

Жыныстық қатынас адам сексуалдығын білдіретін бірден-бір форма емес. Жыныс мүшелерінің қатысуынсыз сексуалды қарым-қатынасқа түсуге болады. Бұның көрінісі ретінде платондық махаббат (секссіз махаббат) пен биді айта аламыз. Биді экстрагенитальді махаббат түріне жатқызып жүргендер бар, бірақ бұның дұрыс-бұрыстығы әлі толық дәлелденген емес. Би әу баста-ақ адамның өз ойын білдіруі үшін пайда болды. Оның дәстүрлік, діни мәні де бар болатын. Уақыт өте келе, би арқалаған осы жүгінен арылып, бастапқы мәнін жоғалтты да, көңіл көтеру құралына айнала бастады. Көптеген билерді (соның ішінде заманауи билер де бар) ер мен әйел тобы орындап шығады. Соған қарамастан, бишілердің денесі бір-біріне тиіп те жатпайды, көп жағдайда олар бір-бірінен алшақ тұрып билейді. Тағы бір ерекшелік, кейбір билер (мысалы атақты «ламбада») сексуалдық мәнді көздемейді.

Сексуалдық тәжірибеңізді тек жақсы серіктеспен бірге ұлғайтқан дұрыс.

Платондық махаббатқа келер болсақ, жыныстық қатынастың бұл формасы жас, нәзік адамдарға арналған. Бұл біздің ойымызша, кез келген жастағы адамның жыныстық махаббатының алдында орын алуы тиіс. Өйткені ол эмоционалды түрде махаббатты байыта түседі.

Ерлерде сексуалды қанағаттану түнгі ұрық шығару кезінде (поллюция) эротикалық түстер көру уақытында болады. Бұл феномен жыныстық қарым-қатынасты тұрақты түрде жүргізбейтін жас, бойдақ ерлерге тән. Ал әйелдер қауымы эротикалық түстерді мейлінше сирек көреді.

Ерлер мен әйелдердің жыныс мүшелері толығымен қатыспаса да, жыныстық қатынастың болуы әсіресе, жастар арасында кең тарап келеді. Бұл сексуалдық қанағаттану «петтинг» деген атау алған. Қанағаттанудың бұл формасы қыздарды қыздығынан айырылудан, жоспарсыз екіқабат болудан сақтайды.

Сексуалды қанағаттанудың аталған формасынан басқа да сирек кездесетін формалар бар. Олардың кейбірі этикалық нормадан асып кетіп жатады.

Сонымен қатынас тәсілдеріне сипаттама берейік.

Ер мен әйел әр жағдайда өзін түрліше сезінеді. Біздің мақсатымыз ер мен әйелдің мейлінше жағымды жағдайды (позаны) таңдауына көмектесу.

Келесі бөлімде өздерінің сексуалды тәжірибесімен ежелгі қытай өркениетінің өкілдері бөлісетін болады. Сондай-ақ ДАО теориясы мен камасутраның барлық кейпін көре аласыз.

1 пікір

Пікір қосу