Сәукеле кигізу

0
2761

Қазақ салтында ұзатылатын қыздарға ақ босаға аттар сәтте сәукеле кигізу құда құдағилар мен ауылдың білікті кісілері түгел шақырылады.Мол шашу шашылып, жұрт мәре сәре, көл көсір қуанышқа бөлінеді. Сәукеле  киген қызға бағалы байғазылар ұсынылып, ақсақалдар ақ тілектерін ақ жаңбырша жаудырады. Бойжеткендер мен бозбалалар қызға қарап, осындай тамаша сәттің өз бастарына тезіірек келуін армандайды.

Сәукеле кигізу қыздарды қуанышқа бөлеп, мерейлерін өсіреді. Ата -анасы мен ел жұртының ақ батасына лайық, тәрбиелі, мұратты ұрпақ болуға баулиды. Ел жұрт, туыс- туғандарына деген перзентілік сүйіспеншілігін арттырып, әрқашан мейірімді, қайырымды, адал, арлы, үлгі өнегелі азаматша болып жетелеуге дағдыландырып, туған халқы мен салт дәстүрін қадірлеуге баулиды.

сәукеле кигізу, сәукеле, қыз ұзату, қыз, қазақ көйлек, қазақ тойы, сәукеле қазақ киімі, той

Сәукеле — келіншек киімі. Ол — бас киім ғана емес қазақ сән-салтанатының, салт-дәстүрінің мәдениеті мен шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысы. «Алтынмен апталып, күміспен күптеліп» дегендей, ол асыл тастар тізбегімен әрленіп, әшекейленеді. Төбесіне үкі салып қояды, көз өтпес үшін. Сәукеле қазақылықтың белгісі, әрі әйел затының белгісі, нәзіктікті білдіріп тұратын киім. Қыз ұзату тойларында қалыңдық ұлттық нақышта тігілген киім киеді. Қыз балаға «Сәукеле кидіру» салты деп ата-анасы апалары, жеңгелері үкі тағылған сәукелені кигізіп, «Жолын ақ болсын» деп, ақ матаның үстімен жүргізіп, шашу шашып шығарып салады.Ұзатылып бара жатқан қыздың «қоштасуы» — ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұяны, туған ел-жұрттан бөліну, жат босаға аттау оңай емес.

Пікір жоқ

Пікір қосу