Салт-дәстүр

0
1614

 

Қадірлі оқырман!

Сіздің ұлыңыз ер жетіп, қызыңыз бой жетіп келе ме? Өзгенің тойын қызықтау жөнінің бір басқа да, өз тойыңызды өткізу жөнінің бір басқа екенін ой жібере бастадыңыз ба?! Егер солай болса әлі де өз төсегіңізге өзіңіз сыймай жүрсіз бе , тыпыршып түн ұйқыңызды төрт бөліп жүргеніңіз белгілі. Өйткені той жасаудың сол күндердегі сауық сайран салтанаты ғана емес, мән маңызы одан әлдеқайда жоғары ғұмырнама сабақтастығы екендігін, ең  алғаш сонда, саналы  түрде сезінер едіңіз де байлық болмысыңызды, мүдде мүмкіндігіңізді шек шекперін таразылап, ата аналық парызыңызды өтеудің ең бір жауапты, ең  қиын да сүрлеуіне түсер едіңіз.

Демек, той қамымен шектеліп ұрпақ қамын, оның тектілік, тәндік тазалық сипатын ойлау, ата бабалық пен жалпы адамзаттық арнадағы асыл қасиеттерді адал жалғастыру рәсімінде, анттық тұрғыда, ата аналық міндетіңіздің алдында жүрек ауыртар едіңіз.

үйлену, қыз ұзату, той, қазақ тойы, қазақша көйлек

«Малым -жанымның садағасы, жаным -арамның садағасы» деп ар намыс үшін отқа да, суға да түскен ғой. Тұрмысқа жасаумен жөнелтіп тұрып қызына әкесі : «Балам, жаман болмаса, атаңа нәлет келтіресің» деп, неке қияр тойынан кейін күйеу баласына енесі : «Балам, қорлама қызымды, атағымды өлтіресің»  деп, осы ар, намысты келесі ұрпаққа тағы арқалатты- ау!

«Батырлық, байлық кімде жоқ

Ғашықтық жөні бір басқа…»-

деп үздіккен қыз Жібектей аруын үкілетіп өсірген халқымыз бұл ғажап сықырлы сезімнің өзін жөнді жерінде тежелеп ұстап, қасиет қадірін жойып алмауға тырысқаан ғой. Тамыры тым терең ге кететін, қыз  таңдау немесе жігіт таңдау , құда түсірту, қыз алып қыз берісудің толып жатқан   жол жоралғысын сақтау сияқты дәстүрлер , міне осындай, «ұрпағым бұзылмасын, бақытым ортаймасын» деген аталық ұлы мұраттан туған. Сол себепті кейінгі ұрпағымызға  өзімізге аманат етілген салт- дәстүрлерді кеңінен насихаттау мақсатында салт дәстүр  бөлімін аштық . Сайтымыздың осы бөлімінен ұзату мен үйлену тойының тойының салт -дәстүрлерімен танысасыздар.

Пікір жоқ

Пікір қосу