Салман Кханның қарындасы Арпита Кхан тұрмысқа шығады

1
1276
Салман Кханның қарындасы Арпита Кхан тұрмысқа шығады

Болливудтың танымал жұлдыздарының бірі, актер Салман Кханның қарындасы Арпита Кхан осы жылдың 16 қарашасында өзінің бизнесі бойынша досы Аюш Шармамен отау көтермекші. Бұл туралы bollywood.tj баспасы хабар таратты.

Салман Кханның қарындасы Арпита Кхан

Той салтанаты Ҳайдарабадтағы бес жұлдызды қонақ үйде өтетіндігі туралы болжам жасалынуда. Той салтанатын Кхандар әулеті ұйымдастыратын болғандықтанда, онда барша Болливуд жұлдыздары қатынасады деп күтілуде.

Дайындығы көріліп жатқан тойдың қандай өтетіндігін бізде қарап өтсек:

Арпита және Хандар жанұясының  тойда киіп шығатын барша көйлектерін танымал дизайнерлер Маниш Мальхотра және Эшли Ребелло жасауы мүмкін.

Салман КханАдам істеген еңбегенің нәтижесіне рахат көруі және сәулетті өмір сүруі керек” деп есептейді. Сол себепті де ол кенже қарындасы Арпитаның тойын ертегілерде ғана кездесетіндей етіп өткеруге әрекет ететінін айтқан. Ертегілердегі той көрінісі киімдерде, білезіктерде, тағамдарда, той сыйлықтарында және басқа барлық нәрселерде көрініс табатынына күмән келтірмейді…

Салман Кхан қарындасының тойы Үндістандағы “Жыл тойы”  номинациясында ең жоғары орынды алуын қалайды. Бұдан басқа әйгілі  актёр және сүйікті аға өз қарындасының тойына сыйлыққа бірнеше он миллион АҚШ доллары көлемінде бағаланған үй сыйламақшы.

Үндістан БАҚтары  Салман Ханның тойға Шахрух Хан және Каран Жохарларды шақыру, шақырмауымен қызығуда. Өйткені салтанатты басқосуларда олар жанба — жан жүрседе, негізінде ара — қатынастары айтарлықтай дәрежеде жақсы емес…

Дайындаған: Алданов Қожакелді 

1 пікір

  1. Родители Салмана имеют ещё троих родных детей — Алвиру, Арбааза и Сохейла — и одну удочерённую дочь — Арпиту. Позже Салим привёл в дом вторую жену, легендарную танцовщицу и актрису католичку Хелен, прославившуюся своим неповторимым стилем в одежде и танце.

Пікір қосу