Сәкен Майғазиевтің қызы Раянаның тұсаукесер рәсімі өтті

0
3046
Сәкен Майғазиев отбасымен

Елге белгілі әнші, “МузАРТ” тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің қызы Раянаның тұсаукесер рәсімі  Алматыдағы үздік мейрамханалардың бірінде өтті.

Сәкен Майғазиев отбасымен

Танымал жұлдыздың қуанышын бөлісуге өнердегі және өмірдегі достары келіп, тойды қыздыра түсті. Бұл туралы қазақстандық шоу-бизнес өкілдері инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларына жарыса жазып, тойдан естелік суреттерді жариялады. Олардың қатарында қоғам қайраткерлерінен бөлек белгілі өнер жұлдыздары Мақпал Жүнісова, Шакизада, Гүлнұр Оразымбетова, Айнұр Тұрсынбаева, Мөлдір Әуелбекова, продюсер Баян Есентаева және тағы басқалары бар.

Сәкен Майғазиев анасы мен Зейнеп апа

Тұсаукесерде Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова да болды.  “Қазақ келіндерінің символы” атанған  жазушы Зейнеп Ахметова анамыз Раянамның тұсауын кесті. Алла аналарымызға күш-қуат, қыздарымызға аналарымыздың ақ жолын берсін” деп жазған әнші өз парақшасында.

Сәкен Майғазиев

Сәкен Майғазиев: Алланың қалауымен,туған мен туылғанның құрметiне.

10593308_560094150789480_758252519_n

Айта кетейік, Сәкен Майғазиев өткен жылдың 3 тамызында екінші рет әке атанған болатын.

(Фотолар Сәкен Майғазиев пен Мөлдір Әуелбекованың инстаграмдағы жеке парақшаларынан алынды)

Ақпарат Тоқтама.кз сайтынан алынды.

Пікір жоқ

Пікір қосу