Сәкен Майғазиев қызды болды

2
1504

«Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев бүгін яғни тамыздың 3-і күні таңертең қызды болды. Бұл туралы әнші өзінің Туиттер мен Фейсбуктегі ресми акаунттары арқылы «Ассалаумағалейкум, ағайын! 3-тамыз таң намазының азаны шақырылып жатқанда қызды болдым!!! Аллаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар айтамын. Тілектес болғандарыңызға рахмет», -деп хабарлады.

Әншінің әлеуметтік желілеріндегі тілектес достары құттықтап жатыр, солардан үзінді келтіре кетсек:

Серікзат Дүйсенғазин:

Айтамыз құтты болсын біздің елден,

Аллаға сансыз шүкір қызды берген!

Рамазанда туған қыз болсын дейміз,

Айша анамыз секілді ізгілерден

Жанна Аубакирова:

Құттықтаймын, Сакен! Жаркыраган жұлдызың болсын қызың! Әке ушiн -қыз-наз, қыз — өріс, қыз- ар, қызың қылықты болғай!!!

Багдагул Мухамбетжанова

Менде тілек қосайын,

Құтты болсын туған күн!

Кіндігіңді кесіп ап,

Жібек жіппен буған күн.

Шілдехана суымен

Алғаш рет жуған күн.

Орап алып жөргекке,

Ақ сүтін асыл ананың,

Емірене емген күн.

Әкең келіп төбеңнен

Тебірене төнген күн.

Қуанғаннан ел-жұртың

Көрімдігін берген күн.

«Кімге тартты екен?» деп

Бетіңді ашып берген күн.

Мөлдір Әуелбекова:

Ағасы құттықтаймын! Бауы берік болсын! Періштеңіздің тәрбиелі, ибалы, инабатты, үлгі тұтар қыз болып өсеріне күмәнім жоқ!

Әншіні және оның жұбайы Динара ханымды neke.kz  сайтының атынан қыздарының өмірге келуімен шын жүректен құттықтаймыз.