My Weblog: kutahya web tasarim umraniye elektrikci uskudar elektrikci umraniye elektrikci istanbul elektrikci satis egitimi cekmekoy elektrikci uskudar kornis montaj umraniye kornis montaj atasehir elektrikci beykoz elektrikci

Бойдақтық қалды қынжылма,

Тағдырыңды теліп бір қызға.

Құрметпен қара, жан досым

Қолыңа қонған жұлдызға!

Күн өтіп шалқып желпінген,

Бұғауға түстің еркіңмен.

«Сүйемін» дедің жарыңа,

Таймағын сол бір сертің!

Азамат дейді сені жұрт,

Басыңнан кештің серілік.

Әке де әлі боласың,

Жарыңды сүйгін беріліп.

Ұлдарың болсын тұлымды,

Қыздарың болса бұрымды.

Қосағыңмен қосыла айт,

Махаббат атты жырыңды!

1 пікір

  1. Тілек деп ашсаң сол ақ па бір бір өлеңнең, бар ма бар дегендей өте аз материалдар өлең емес сөзді тілектер қоспайсыздарма

Пікір қосу