Райхон егіз перзентті болды!

0
1531
Райхон

Өзбек елінің ең танымал әншісі,  «Өзбекстанға еңбегі сіңген қайраткер» атағының иегері Райхон Ғаниева егіз перзентті болды.

Әлеуметтік желідегі әншінің парақшаларында оның перзентті болғандығы туралы сүйінші хабарламалар жарияланды. Әншінің табынушылары үшін оның қос ұлды дүниеге алып келгені тамаша тарту болды. Sayyod.com баспасына әншінің өзі төмендегіше ақпарат берген:

Райхон егіздері

 «Бүгін егіздерді дүниеге алып келдім. Бұл жаңалықты ешкімге айпағанбыз, тек туысқандарымыз білетін. Екі ұлымның біреуі кішкенерек туылғандықтан, қазір барокамерада. Ұлдарыма Ислам және Имран деп есім қойдым!«

Неке.кз сайты, «Нихол» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Тарона Рекордс» және «M&TVA» жүлделерінің төрт реттен жеңімпазы әнші  Райхон Ғаниева және актер Йигитали Мамажоновты осы бақытты күндерімен құттықтаймыз!

 Дайындаған: Қожакелді Алданов

Пікір жоқ

Пікір қосу