Раушангүл мәзірі

3
2442
роза тамағы

Бүгін біз сіздерге раушангүл атты мәзір ұсынамыз.  Үйде ет азайып, дәмді әр тойымды тамақ әзірлегісі келетін жас келіндерге арналған мәзір. Керек заттар: Пияз, ет, сәбіз, капуста, картоп, болгар бұрышы, тұз, томат пастасы, ұн (қамыр илеу үшін).

Алдымен жұмсақ етіп жылы суға қамыр илеп аламыз (1-сурет). Қамырымыз дайын болғанша пиязды ұсақ етіп турап, бұрышын тұзын салып дәмін келтіреміз. Иіні қанған қамырды жұқа етіп жазып, кесеміз, ішіне пияздан дайындалған салманы саламыз (2-сурет), 3- суреттегідей етіп жауып, раушан гүл етіп жасап, қасқан табақтарын майлап тіземізде(4-сурет), 20 минутқа буға пісіреміз.

Етті ұсақ етіп турап (5-сурет), сәбізді үккіштен өткізіп (6-сурет), қазанға салып қуырамыз. Қуырылған етке томат пастасын мөлшерге қарай салып, қуырып, су құямыз. Қайнаған тамаққа туралған капустамызды салып (7-сурет), қайнатамыз. Шамалы уақыттан соң болгар бұрышы (8-сурет) мен картопты салып (9-сурет), тұзын салып қайнатамыз.

Қасқанда дайын болған раушан гүлдерімізге, қазанда дайын болған құйманы салып, дәмдеуіш шөптермен сәндеп дастарханға қоюуыңызға болады. (10-сурет) Астарыңыз дәмді болсын!

3 Пікір

Пікір қосу