Танымал радиожүргізуші Әсел Ергешқызы тұрмысқа шығады

2
1671
Әсел Ергешқызы тұрмысқа шығады

«Қазақ» радиосының танымал радиожүргізушісі Әсел Ергешқызы 5- сәуір күні тұрмысқа шығады.  Әсел Ергешқызының жүрегін 29 жасар Жанат есімді Павлодардың тумасы жаулап алды.

Әсел мен Жанат

2014- жылдың басында танысқан жастар, отбасын құру туралы шешімді 3- шілде күні қабылдаған екен. Сол күні сері жігіт Жанат өз сүйіктісі Әселге тұрмысқа шығуға ұсыныс білдіріп жүзік таққан.

Әселдің ұзату тойы 5- сәуір күні өзінің туған жері Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында өтеді. Ал үлкен үйлену тойы 18- сәуір күні Павлодар қаласында өтеді.

Білуімізше, Әселдің жары Жанат жеке кәсіппен айналысады. Естеріңізге сала кетсек, Әсел Ергешқызы жақында өзінің «Болашақ» өнер мектебін ашқан болатын.

2 Пікір

  1. әп, бәреклді. бақытты болсын әпкеміз бен жездеміз. аттаған ақ босағасы берекелі болсын. ынтымағы жарасып, Құдай қаласа немере-шөберелерінің қызықшылықтарын көруді нәсіп етсін.

Пікір қосу