My Weblog: kutahya web tasarim umraniye elektrikci uskudar elektrikci umraniye elektrikci istanbul elektrikci satis egitimi cekmekoy elektrikci uskudar kornis montaj umraniye kornis montaj atasehir elektrikci beykoz elektrikci

Ата-бабамыз айтқандай, «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды» дегендей қыздың жасауы қыз ұзатардағы ең үлкен мәселе. Сондықтан да бүгіннен бастап өз жасауларыңызды жинау бастаңыздар. Себебі, жасау 1- ден қыздың көрсеткіші, 2- ден көп шығынды талап ететін басты мәселе. Қазақта айтады «6 жастан жинасаң артылады, 7 жастан жинасаң жетеді» деп, сондықтан «мен үйленгенше қайда?» деп жүре бермей өздеріңіздің жасауларыңызды өздеріңіз жинай бастаңыз. Бір жағы ата-анаңа жеңіл, бір жағы өзіңе ұнайтын заттарды таңдап алуға мүмкіндігің болады.жасау, қыз жасауы, көрпе, қыз ұзату, құрақ көрпе, төсек жабдығы

Жігіттер жағы ойлайды «қыздың артынан 9 көрпесі болса болды емес па?» деп. Олай емес. Себебі, қазақ болғасын құдалар жағы, көршілер, туысқандар, таныстар бәрі-бәрінің көзі қыздың артынан келген жасауында болады. Жасауың жақсы келмесе анаңа ұят, кейін өзіңді түртпектеугізуге себеп болуы мүмкін, енеңде өз туыстарының алдында төмендеуі мүмкін. Міне, қаншама саясат жатыр! Төмендегі тізім орташа есеппен, Алматы қаласы мен Алматы облысына сәйкес жазылған.

Сонымен, жасауға кіретін заттар:

  1. 9 көрпе: 6 жамылшы, 3 төр көрпе. Оның ішінде біреуі «махаббат көрпесі», бір төр көрпе «құдағи көрпесі» болып кетеді. Бәрін бірдей базар көрпе жасауға да болмайды, себебі «анасы қолдан жасатқан көрпесі» екен деген сөз өзіңе де сондай ыстық болады.
  2. спальный гарнитур (жағдайыңа қарай)
  3. сандық
  4. 3 көрпе- жастық тыстары
  5. 2 жастық
  6. 2 кілем: біреуі қыстыратын, біреуі төсейтін есебінде жүреді
  7. 9 қол орамал: 3 монша орамал, 3 қол сүртетін, 3 асхана орамалы
  8. ыдыс-аяқ жиынтығы: ішінде тарелка, шыны бәрі бәрі болуы керек
  9. кастрюльдер наборы: кастрюль, сковородка, қазан
  10. 2 эмальды шелек
  11. 2 ет табақ
  12. қасықтар жиынтықтары, пышақ, шөміш, кепсер (бәрін бір жиынтықтан табуға болады) пышақты санына қарай күйеу жақ ақшасын беріп сатып алады. Жасау апарған да осы салтқа қатал болу керек.
  13. шәугім немесе электрочайник, шәйнегімен бірге
  14. кленка
  15. терезе перде
  16. төсек жабқыш
  17. басқа тағатын орамал, бір 30-40 талын алып қою керек, себебі әр көрпенің ішіне салады
  18. көйлектік материал, оны да 10-20 әр түрлі материалдан 2-3 метр бөлігінде алып қою керек, әр нәрсені ашқан кісілерге беріп отырады
  19. печка нан пісіретін (жағдайыңа қарай)
  20. электрический мясорубка  (жағдайыңа қарай)
  21. жасауға қоса құдағилар тағатын алтын заттарында алып қою керек: 4 алтын, 5 күміс набор болуы керек.
  22. Газ плита (жағдайға қарай)
  23. Кір жуатын машина (жағдайға қарай)
  24. Шаң сорғыш (жағдайға қарай)

14970354-463x330Бұл тізім минимальды түрде жазылған, ішінде міндеттісі бар кейбірін алып тастауға да болады. Барлық нәрсені қалтаң шешеді.  Сонан кейін, тағы бір назарда ұстайтын нәрсе әр жақтың өз заңдары мен талаптары бар.

Апарылған төсек орынды ашқасын құдалар жағы баға және көрімдік береді. Баға берген кісілерге салт жоралғы жасалып орамал-көйлек беріледі. Әкелінген жүкті жігіттің жеңгесі жинайды, сонда  әр заттың ішіне салынған орамалды алып ол кісі абысындарына таратады.

Пікір жоқ

Пікір қосу