«Қыздық перденің» маңыздылығы

Жыныстық қатынас еркек пен әйелдің бір — біріне деген жыныстық құмарлығына негізделген процестер жиынтығы. Бұл жалпылама көпшілікке айтыла бермейтін және жазыла бермейтін тақырып. Алдымен жыныстық өмірде әйел мен еркектің сана сезімі бірінші орында тұрады. Сол себепті де тән жарасымдылығы мен рухани жарасымдылықтың үйлесімі, олардың махаббатының негізгі қазығы болып саналады. Сайтымызға осындай тақырыпты ашық түрде жазуымыздың себебі өздеріңізге белгілі сайт жас отау құрушыларға арналады, отау тігіп шаңырақ көтерген жас жұбайлар адамның адам туу және дені сау адам тууы тек жүйелі түрде жүргізілген жыныс тәрбиесінің нәтижесі екенін үнемі есте ұстаулары қажет.

Жыныс тәрбиесі туралы сөз қозғағанда ең бірінші ерлі зайыптылардың неке түніне айрықша көңіл бөлулері керек. Әр жаңа отаудың тарихы осы бірінші түннен басталады. Некелері  қиылып жаңадан үй болған ерлі зайыптының ең алғаш жақындасатын түні қыз балалық дәуренмен қоштасып, бейтаныс жаңа дүниенің есігін ашады. Бұл жан — жарына пәктігі мен ар намысының тазалығын білдіретін түн. Сондықтан осы алғашқы түннің маңызын, оның кейінгі салмақ салдарын жас жұбайлар орынды бағалай білулері қажет.

Неке түні жастадың болашақ өмірінің өте жауапты сәті саналады. Жаңа құрылған жас шаңырақтың келешектегі жағдайы тікелей осы түнге байланысты болуы мүмкін. Бірінші әңгіме жас  жұбайдың ол күнге абыройлы немесе абыройсыз келуі жайында болмақ.

«Қыздың жолы жіңішке» дегендей, тұрмысқа шыққанға дейін қыз атына кір жуытпай, көрінгенге қол жаулық болмай, ақ жүріп, адал тұруы қыз баланың аса жоғары бағаланатын қадір қасииеттерінің бірі. Қазақ халқы қашанда келінін инабатты, ұятты, ибалы өнегелі болғанын қалайды. Ұрпағын дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсіретін келінді өздері жақсы білетін көргенді жерден алуға тырысатындықтары сол себептен. Өзіне адал болып келмеген жары «басқа өзіне дейінгі еркектерді ойлап жатыр ма», «солармен мені салыстырып жатыр ма» деген ойлар маза бермей оған деген сезімін суыту мүмкін. Әйелінің жыныстық қатынасқа тойымсыздығы немесе өзіне деген сезімнің салқындығын байқаған ер адам өзінің ішкі ойымен сенімсіздігін оятады. Міне, сондықтан қыз баланың болашағының жарқын болып, бақытты жан болуы өзіне ғана байланысты. Өмірінде  бір рет жіберген қателігінен сабақ алып, жарының сенімін ақтай білуі керек. Ал енді сүйіп алған жарының пәк, қыздай алған еркек, жұбайының әйелдік, аналық өмірдің есігін ашқан қымбат жан саналып, оны өмір бақи қадірлеп аялап өтуге дайын. Сол себепті де аяулы қыздар пәктіктеріңді сақтап, адал жар болу тырысыңдар.

«Ұлы сөзде ұят жоқ» деген қазақта жақсы сөз бар, шаңырақ көтеріп, ұрпақ өсіріп, ел қызығатындай үлгілі жан ұя болып, береке бірлігі жарасқан отбасы болудың түпкі қазығы ерлер мен әйелдердің жыныстық қатынасы. Ол табиғат заңы. Бір бірін құлай сүйген екі жастың сезімдерін дұрыс түсініп, бір бірінің мінездеріне үйлесіп кетуі қиын мәселе. Бір-бірімен ашық сөйлесіп, ортаға салып талқылау арқылы дұрыс шешім қабылдай білу керек. Ал енді жыныстық қатынаста түсініксіз жайттар орын алса мамандардың кеңесіне жүгінгендері дұрыс.

Оставьте комментарий