Президент жиенінің тойы Алматыда өтуде

6
3796
Айсұлтан Назарбаев тойы суреттері

Бүгін яғни 31- тамыз күні Алматы қаласындағы Royal Tulip қонақ үйінің  Grand Ballroom залында Президентіміздің жиені Айсұлтан Назарбаевтың үйлену тойы болатынын біз алдында жазған болатынбыз.

Бүгін болып жатқан Айсұлтан Назарбаев пен Алима Боранбаеваның тойында төрт елдің танымал жұлдыздары өнер көрсетеді. Айсұлтан Назарбаев тойы

Жастардың тойларында Қазақстан, Ресей, Турция, Америка жұлдыздар өнер көрсетеді деп күтілуде.  Барлығы 700 өнер адамы қатысады. Кештің ең күтулі қонағы әлемнің ең бай реперлерінің бірі — Канье Уэст.

Бүгінгі келетін қонақтардың ішінде актриса Нона Гришаева, әнші Юрий Антонов сықақшы Максим Галкин бар. Ал қонақтарды Comedy Clubтың танымал  мүшесі Александр Ревва күлдіретін болады. Танымал әншілердің бірі туркиялық Мұстафа Сандалда Алматыға келеді деп күтіледі.

Тойдың негізгі бөлігі біткесін Circus түнгі клубында жастарға арналған afterpartyда Канье Уэст ән айтады.

Әрине, тойдың басты қонқатары президентіміз Н.Назарбаев пен Сара Алпысқызы болмақ.

Интернет беттерінде тойдың алғашқы суреттері пайда бола бастады. Сондықтан да суреттер толығып отырады. Біздің жаңалықтарды оқи отырыңыздар!

Тенгриньюс таратқан ақпаратқа сенсек, американдық әнші  Канье Уэст тойда өлең айтқаны үшін үш миллион доллар алған деседі.

Суреттер ювижен, тенгриньюс сайтарынан алынды.

6 Пікір

  1. НӘН өзінше қазақтыққа шақырып қояды біздерді, ал өзінің немересінің тойының сиқы мынау. Қазақ елі патшасының немересінің тойы неге қазақша өтпейді??? Балық басынан шіриді деген осы да…

  2. Артық ешнәрсе көріп тұрған жоқпын,қарапайым, қазақтың киіз үйі жарасып тұр бәрі. Ал қымбат әншілерге келсек, жағдайы бар жігіт қой…

Пікір қосу