Пигоди мәзірі

1
6412
пигоди

Пигоди—  кәріс халқының ұлттық тағамдарының бірі. Жалпы, бұл тағамның тегі кәрістердің пянсе деген тағамынан тарайды екен. Біздің мантыға ұқсас тағам, айырмашылығы қамырының ашытылғандығында.  Бізде пигоди немесе ашыған манты деп те атайды. Бүгін біз сіздерге пигоди мәзірін ұсынбақпыз:

пигоди дайындау

Сонымен, пигоди дайындау үшін:

1-қадам: ашытқы қосып қамыр илеп, ашығанша жылы жерге қоямыз.

2-қадам: салма дайындаймыз (2-4 адамға арналған жаңдайда)

— орамжапырақ 300 гр

— фарш — 300 гр

— пияз — 2-3 дана

— құйрық май -100 гр.

— тұз, қара бұрыш

3- қадам: Орамжапырақты майдалап турап, бір ас қасық өсімдік майы құйылған табаға сәл қуырып, бұқтырамыз.

Сәл піскен орамжапыраққа фарш пен өте майдаланып туралған құйрық майды қосамыз. Пиязды жұқалап турап, қоспаға араластырамыз. Салма дайын.

4- қадам. Дайын қамырды кішкентай ғана зуалаларға бөліп (шелпек пісіргендегі зуаладан екі есе кіші), әр бір зуаланы кішкентай шелпекше етіп оқтаумен жаямыз (оқтауды қатты бастпау керек, себебі қамыр отырып қалады).

5- қадам: шелпек ортасына салманы салып, бәліш жапқандай түреміз. Қамырды ортасынан түру керек)))

6-қадам: Манты қазанының әр табасын майлап, дайын пигодиларды тізіп, үстін сұйық маймен жағып, бір сағат көлемінде (манты секілді) пісіріп аламыз.

Дайын пигодиді сәбіз салаты немесе ашты аджикамен және айранмен ұсынған дұрыс. Астарыңыз дәмді болсын, ас үйдің ханшайымдары!

Асханада болған Айжан Табын.

1 пікір

Пікір қосу