Oscar de la Renta 2015

0
1908
Oscar de la Renta 2015

2015 жылдың көктеміне ұсынған Oscar de la Renta үйлену той көйлектерінің  топтамасы нағыз әйел адамға тән биязылық пен нәзіктіктің шарықтау шегі.  Oscar de la Renta көйлектерінің бұндай ерекшелікке ие болуының себебі үлкен еңбек пен ерекше шеберліктің куәгері. Oscar de la Renta өзінің алғашқы көйлегін 50 жыл бұрын тіккен екен, ол кісінің өмірден өтуі сән әлемі үшін үлкен орны толмас өкініш болды.

Оскар де ла Рента көйлектері

2015 тің көктеміне ұсынған бұл топтамада тек қалыңдықтарға арналған той көйлектерін ғана емес кішкентай қыздарға арналған әдемі көйлектерді де көре аламыз.

Көйлек сәндерінде шілтер, кестеленген және үлкен кестеленіліп тігілген гүлдерді және әдемі моншақтарды көруге болады.  Әрине ең басты артықшылық ол — көйлек матасында екенін ескеру керек. Оскара де ла Рента көйлектері әлемді аузына қаратқан ең әдемі деген әйелдердің таңдауы екенін ұмытпау керек. Мысалы, жақында ғана Джордж Клуниға тұрмысқа шыққан Амаль Аламуддинның той көйлегін  Оскар де ла Рентаның өзі тіккенін білеміз.

b1b02c10086ea748a1d57567593acb8f

Оскар де ла Рентаның көйлектерінің ең ұтымды тұсы басқа дизайнерлер сияқты заман ағымын қуаламай-ақ әдемі, ерекше, нәзік көйлектерді тіге білуінде. Оның көйлектері нағыз әдемілік пен талғамның не екенін білетін аруларға арналған.

Пікір жоқ

Пікір қосу