Орландо Блум мен Миранда Керр ажырасады

1
838
Орландо Блум мен Миранда Керр

Әлемнің әдемі жұптарының бірі танымал актер Орландо Блум мен танымал сән көрсетуші Миранда Керр ажырасады.

Бұл баспасөз ұйымдарының шығарып алған жалған ақпараттары емес, 36 жасар актер мен 30 жасар сән көрсетушінің өкілдері де бұл ақпаратты растап отыр:

6 жылға созылған қарым-қатынасты заңды түрде үзуге шешім қабылданды. Ажырасқандарына қарамастан екі жұлдыз бір-бірін әлі де сүйеді. Екеуі де ұлдарының алдында жауапты екендерін сезіне отырып, жақсы қарым-қатынастарын сақтап қалды.

 Миранда Керр мен Орландо Блум 2007 жылдан бері бірге. Австралиялық сұлу аруды Орландо бір көргеннен ұнатып қалған, артынан бір жылдай жүріп кездесуге рұқсат алған екен. Екеуі 3 жыл қарым-қатынастан кейін 2011 жылы үйлену тойларын жасаған болатын. Екеуінің ортақ Флинн атты ұлдары бар.

 

1 пікір

Пікір қосу