Оргазм жоқ болса

0
5899
Оргазм жоқ болса

Әйел адамдар еркекке қарағанда жыныстық қатынас кезінде оргазм алмауы мүмкін. Оған бірнеше себеп бар: гормональдық дисбаланс, дәрі-дәрмек қабылдау, зәр шығару жолдарының аурулары, және т.б. Алайда, ең басты себеп – психологиялық тосқауылдар (күйзеліс, адамның өз-өзіне деген сенімсіздігі, қорқыныш сезімі). Сондай-ақ, оргазмға қол жеткізудің бірден бір жолы – жыныстық қатынастың тек сенімді адаммен болуы

Жыныстық қатынас кезінде әйелдер неге оргазм алмауы мүмкін?

Әйелдерге деліткілі оргазм алу қынаптық оргазм алуға қарағанда әлдеқайда оңай. Бір қызығы, әйел неғұрлым қынаптық оргазм алуға талпынса, ол соғұрлым одан алыстайды. Солайша, тұйық жүйе қалыптасады: ер адам өз сүйіктісіне нағыз ләззат алуды сыйлай алмаған үшін өзін кінәлайды, ал әйел адам оргазм алғандай болып ерін алдайды.  Бұдан құтылудың жолы қандай?

Біріншіден, әйелдердің оргазм алуы ер адамдардан ерекшеленетінін білген жөн. Оргазм – ләззат алудың бірдін бір жолы емес.  Сүйікті адаммен жақындасу, сезімнің қызуы, одан кейінгі әлсіреу – бұның бәрі де адамға ерекше ләззат сыйлайды. Бұл қалыпты жағдай.  Оргазмды иммтациялау қате болып табылады. Иммитация орын алған жағдайда ол туралы ер адамға ашып айту да дұрыс қадам емес. Көптеген еркектер ондай ащы шындықты көтере алмайды.

Оргазм алудың басты жолы – жыныстық қатынастың барлық тұрғыдан жайлы болуы. Қынапқа арналған арнайы жаттығулар да (мысалы, Кегель жаттығулары) өз көмегін тигізуі мүмкін. Одан басқа, олар әйел адамға жамбас бұлшықеттерін қатайтуға көмектеседі.

Екіншіден, оргазм алу әйелдің серігіне де тікелей байланысты. Егер әйел әр кезде түрлі еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін болса, оразмға қол жеткізуі екі талай. Жыныстық қатынас тек неке қиылған жағдайда орын алған абзал. Сол кезде ғана әйелде психологиялық тосқауылдар болмайды: жүкті болып қалу қауіпі, ер адамның тастап кету қауіпі, тыйм салынған нәрсемен айналысу қорқынышы орын алмайды. Бұл жыныстық қатынас кезінде нағыз ләззат алудың бір жолы.

Үшіншіден, кәсіби сексолог маманның кеңесіне жүгініңіз. Егер жоғарыда айтылған ұсыныстардың бірі де көмектеспесе, арнайы маманға жолыққан жөн. Ол адамның проблемасын анықтап, оның себебін тауып, қажетті ұсыныстармен бөліседі.

Төртіншіден, жыныстық қатынасты қатып қалған ережесі бар жаттығулардың жиынтығы ретінде қабылдамау керек. Ол – ойын. Сол себептен, түрлі позаларды қолданып, жаңа эрогенді зоналарды іздеңіз. Жыныстық қатынаста неғұрлым ашық болған жөн. Тәріжибелерге дайын болыңыз.

Ақпарат comode.kz сайтынан алынды

Пікір жоқ

Пікір қосу