Нұржан Керменбаев үйленді

1
2161
Нұржан Керменбаев үйленді

Халыққа «Қапқарашка» есімімен танымал болған «Арнау» тобының әншісі Нұржан Керменбаев үйленді. Бұл ақпаратты Нұржанның өнердегі әріптестері растайды. Сондай-ақ, әншінің ВКонтакте, Instagram-дағы парақшаларында жанкүйерлері үйленгендігіне байланысты көп пікірлер жазған.

Пікірлерге қарағанда, Нұржанның жары Тараз қаласынан көрінеді. Құда түсу мен беташар рәсімі өткен. Той көктемде деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Нұржан Алматы қаласынан пәтер алып, анасын Жезқазғаннан көшіріп алып келген. Қазір анасымен Алматыда тұрады.

Ақпарат внюс.кз сайтынан алынды.

1 пікір

Пікір қосу