Некеге тұрған отбасы алғысын білдірді

0
1355

Өмір тойы, көңіл тойы-үйлену,
Үйлену-бір мәңгі көктем күйге ену.
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып
Дүниеге тағы да бір үй келу.

Бүгін біз өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ақылы некені тіркеуге өтініш берген жас жұбайлар туралы айтқымыз келеді.

Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп өтініш берген Ержан мен Шынар қызметті алудың жылдамдығы мен тиімділігіне тан қалып, тәнті болған еді. Бүгін міне, неке куәлігін алып ХҚКО ұжымына алғыстарын білдіруде.

2015-11-20_16.58.09

Жалпы, некені тіркеуге электронды өтініш беру үшін авторлану қажет, электронды цифрлы қолтаңба болуы тиіс және төлем жасалуы керек. Ескеретін жәйт, электрондық өтінім беру үшін екі өтініш беруші де некеге алғаш отырған болуы және балалары болмауы қажет. Себебі, екінші және одан кейінгі некені тіркеуге өтінішті портал арқылы беру мүмкін емес. Қызылорда облысында жыл басынан бері 128 отбасы некені тіркеуге электронды негізде өтініш беріп, неке куәлігін алды.

Бір — бірін жақсы көретін екі жүректің ең жақсы қорытындысы — неке. Шаңырақтың бақытты болуы — өз өзінен бола салатын жайт емес. Мықты шаңырақ құру әр адамның қолындағы іс. Сіздерге бақытты өмір, берекелі шаңырақ және балаларыңның көп болуын тілейміз! Балаларыңыздың алғашқы құжатын электронды негізде алып беруге ХҚКО ұжымы әрқашанда дайын екенін жеткіземіз.

ХҚКО Қызылорда қаласының №3 бөлімі

Пікір жоқ

Пікір қосу