Неке сарайы

1
3680

Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.

Қазақстанда мемекеттік АХАЖ органындарында тіркелген неке ғана заңды деп танылатынын алдыңғы жазбамызда айтып өткен болатынбыз. Екі жастың бақыт тойының алғашқы ресми басталуы неке сарайынан басталады. Шаңырақ көтеруге шешім қабылдаған әрбір екі жас ең алдыменен, неке қию рәсімін салтанатты өткізуді қалайды.

неке сарайы, неке, неке тойы, үйлену той, той фотографы,

Неке сарайы алғаш 1917 жылы 18 желтоқсанда Ресей жерінде пайда болған. Міне, ғасырға жуық қаншама мың некенің қиылуына куә болып келе жатқан сәулетті ғимарат. Әр қаланың басты нысандарының біріне жататын неке сарайлары қаланың мәдениет ошағына айналып отыр. 2012 жылдың басында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ҚР «Неке және отбасы туралы» заңында жазылғандай: «некеге тұру салтанаты өтетін орын мемлекеттік мекеме ғимаратының ішінде болуы тиіс». Демек, неке сарайлары мемлекеттік мекеме болып саналады.

Үйлену тойы – жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған екі жастың, өміріндегі қуанышты оқиға. Үйлену – тек неке қию емес, ол – екі жастың бір-біріне тағдырларын сеніп тапсыруы. Шаңырақ көтеріп, отау құрып жатқан мерейлі күні жастардың қуанышын бөлісіп, салтанатты түрде неке қию рәсімін өткізіп жүрген әр қалада бірнеше неке сарайлары бар.

неке

Неке сарайларының үстінде ақ көгершіндер көптеп қалықтасын, себебі көгершіннің қалықтауы қазақ жерінде тағы бір шаңырақтың некелескеннің белгісі!

1 пікір

Пікір қосу