Неке қасиеті

7
8219

Бисмиллахир – Рахманир – Рахим! Неке – отбасын құру және ұрпақ жалғастыру ниетіндегі үлкен іс. Ол адамның жаны мен ақылын адасушылықтан қорғай келе сезімді басқарады. Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың «Үйленуге мүмкіндігі бола тұрып, үйленбегендер, менің үмметімнен емес» деген хадисі бар. Сондықтан, әрбір мұсылманға неке қиып, отбасын құру – мұсылмандық белгісі. Ол үшін, нақты шешім қабылдану керек. Байлығы мен тұлға әдемілігі, кербез сұлулығына қарап неке құрмай, мейірімді де қайырымды, жомарттығы мен рухани құндылықтарын ескеретін неке болуы тиіс. Ал, ойланбай құрылған неке қоғамдағы бірінші әйелдердің қиналысы болады, одан жетімектердің көбейеді, отбасыға көптеген ауырпашылықтар келеді.

Ойланып, келісілген неке Алланың еркімен болғандай болмақ. Дегенмен, қазірде заманның бір үлгісі ретінде материалдық құндылықтар алға қойылып, рухани байлық көзге ілінбеуде. Тіптен, құда түсуде жастардың өмірлеріне қажетті мінез – құлықтары қаралмай, үй – жайы, білім қағазы, көлігі, ұялы телефоны, жаңа үлгідегі киімі және тағы да басқа дүние — мүліктерінің өлшемін ескертіп жатады. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) пен Айшаның (р.а.) тағамы болмаған көп кездер мен сәттердің болғанын әйелі Айшадан (р.а) риуаят етілген хадистерден білуге болады. Ертеде ата – бабаларымыз шаңырағын өзара түсіністікпен, бір – біріне деген махаббат сезіміне деген құрметпен негізделе құрылған. Оны дүниеге әкеп тіреудің қажеті жоқ. Әрине, оның өмірімізде алатын орны баршылық, алайда рухани құндылықпен араластырмау қажет. Осы ретте мына бір жағдай еске түседі. Күндердің күнінде ісі оңға басқан бір саудагер үйіне құр қол оралады. Әйелі күйеуіне кешкі асын беріп отырғанда, оның оң көзінің сол жағына қарай қисайған кемшілігін бетіне баса айтады. Әйелінің бұл сөзіне қатты ызаланған күйеуі: «Біздің отау құрғанымызға бірнеше жыл болды, сол уақыттан бері менің көзімнің кемшілігін бүгін ғана байқап отырсың ба?» — депті. Сонда әйелі: «Сізбен отау құрғалы бері мен сенің көздеріңе көңіл бөлмей, тек үйге алып келген дүние – заттарыңа назар тастап, қолыңа ғана қарадым. Бүгін сіз құр қол келгендіктен, жүзіңізге қарап, көзіңізге көзім түсті» — деген екен.gallery_14317_1226_188703

Жанұя мемлекетті құрайтын үлкен тетіктер. Ал, осы тетіктер үйлесіммен үлкен игі бастамадағы мемлекетті іске қосатын рухани байлықтар. Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Ақиқатта адам үйленгенде үш түрлі ниетпен үйленеді. Біріншісі имандылығы, тәрбиелілігі, мінез – құлқы, парасаттылығы үшін. Екіншісі дүние – байлығы үшін. Үшіншісі сұлулығы үшін. Сіздер діндарлығына қарап үйленіңіздер, әйтпесе өз – өздеріңізге зияндық істеген боласыздар» — деген. Сондықтан, мұсылман адам кіммен некеге отыратынын білуі мен таңдауы болу қажет. Некеге отыратын мұсылман ері мен әйелі өзінің құзырлықтарын, оның болашағын ойша нақтылаған жөн. Мұсылман ері мен әйелі шынайы қасиеттегі тұлғалар болса, игі жақсы. Құдайдан қорқып, діндарлықпен қол ұстаса бірге жүру – үлкен қажеттілік бейнесі. Мұсылман ері алдында некелескен әйелін барлық қажеттіліктермен яғни баспанамен қамтамасыз ету, тамақтандыру, киіндіру міндеті бар. Ал, өз кезегінде мұсылман әйеліне келесі міндеттер жүктеледі яғни күйеуіне бағыну, күйеуінің ата – анасы мен туыстарын құрметпен сыйлау, басқа бөтен ер адамдардан өзін қорғау, күйеуі ұнататын киім кию және иіс суды қолдану. Күйеуінің жиған – тергеніне ие болу. Тіптен, күйеуі әйеліне бөлектенуді сұраса, еш қарсылықсыз бағыну (етеккірі болмаса). Бұл жерде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тұсында болған бір тарихи жағдайды айта кеткен жөн. Алыс жолға жиналған күйеуі әйеліне барлық керекті қажеттіліктерімен толық қамтамасыз етеді де әйелінің үйден шықпауын бұйрық етеді. Біраз уақыттан кейін, әйелдің екі туған ағалары әкесінің қатты науқастанып, әл үстінде жатқанын хабарлайды. Не істерін білмесе де, әйел күйеуіне үйден шықпау туралы ант бергенін ағаларына айтады. Сәл уақыттан кейін, әкесінің қайтыс болғаны туралы хабар келеді. Күйеуін құрметтеген әйел, әкесін жоқтаса да күйеуінің жазасын ұстанып, туған әкесінің жерлеуіне бармайды. Біраз уақыттан кейін сапардан күйеуі келеді. Әйелдің ағалары болған жағдайларды айта Пайғамбарға жүгінеді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бұл әйел күйеуінің жазасын ұстанды және күйеуінің айтқан сөзін құрметтеді, мұнысымен өмірдің бар жақсылығына ие болады әрі жұмаққа барады! – деп жауап берген екен.
Мұсылман әйелі күйеуге шықпастан не мұсылман ері үйленбестен бұрын, әйел не ер адам бір – біріне туыс жақындастықтарын білуі тиіс. Сармолда бабамыз былайша жырлаған:
Қызметкер білсін әйел еріне өзін,
Ұғынсын күйеуінің айтқан сөзін.
Көңілін күйеуінің қапа қылып,
Салмасын намахрамға әсте көзін.
Ойламай өз басының ар-ұятын,
Қыдырса рұқсатсыз ерден қатын,
Ол қатын үйге келіп кіргенінше,
Аспан, жер айтар деген лағінетін.
Әйел мен ер адамдар махрам және намахрам болып бөлінеді. Неке құруға рұқсат етілмеген адамдар яғни олар туыстық байланыстағы адамдар — махрамдар, ал неке құруға рұқсат етілген адамдар — намахрамдар яғни махрам санатына жатпайтындар. Неке құруға рұқсат етілмеген махрам санатына жататындарды үш түрге бөлуге болады: қандас, сүттес туыстары және неке бойынша жақын туыстары.

неке кз, неке сарайы, неке, Қазақстан неке туралы заңы, неке заңы, неке қию, неке тойы, той, қазақ тойы,неке сарайы.мұсылман некесі, неке қасиеті,
Ер адамдарға мына әйелдермен үйленуге рұқсат етілмейді, Олар:
1. Анасы.
2. Әке-шешенің шешелері (әжесіне).
3. Қызы және ұл-қызының қыздары (қыз немере).
4. Апалы, әпке-қарындасы.
5. Апалы, әпке-қарындасының қыздары.
6. Аға-інісінің қыздары.
7. Әке-шешенің апа-сіңлі, қарындастары. Идда уақытын күтіп жүрген әйелге (ажырасқаннан кейінгі 3 ай, күйеуі қайтқаннан кейінгі 4 ай 10 күн мерзімі)
8. Сүт анасы.
9. Сүт әке-шешесінің шешелері.
10. Сүт қызы және сүт ұл-қызының қыздары (сүт қыз немере).
11. Сүт апа, әпке-қарындасы.
12. Сүт апа, әпке-қарындастарының қыздары.
13. Сүт аға-інісінің қыздары.
14. Әке-шешесінің сүт апа, әпке-сіңлі, қарындастары
15. Қайын енесі. 16. Өгей шешесінің қызы.
17. Өгей анасы.
18. Келіні.
Әйелдерге мына адамдармен неке құруға болмайды:
1. Әке.
2. Әке-шешесінің әкелері.
3. Аға-інісі. 4.
Аға-інісінің ұлдары.
5. Апа, әпке-сіңлінің ұлдарына.
6. Әке-шешенің аға-інісі.
7. Сүт әке.
8. Сүт әке-шешенің әкелері.
9. Сүт ұлы және сүт ұл-қызының ұлдары (сүт ұл немере).
10. Сүт аға-інісі.
11. Сүт апа, әпке-сіңілінің ұлдары.
12. Сүт аға – інісінің ұлдары.
13. Әке-шешенің сүт аға-інісі.
14. Қайын атасы.
15. Өгей ұлы.
16. Өгей әкесі.
17. Күйеу баласы.
Жалпы шариғатта тікелей қарастырылмағанмен, дана халқымыздың тектілік үлгісін ескере ұстанған бағыты яғни жеті атасына дейін ру аралық қыз алыспауы өте дұрыс дүние, дегенмен осыны қатаң басшылыққа алған дұрыс.
Мұсылман әйелдің бір мезетте жалғыз ғана күйеуі болу керек. Егер күйеуі қайтыс болса, немесе күйеуінен ажырасқан жағдайда немесе идда уақыты (жаңа некеге отыру мерзіміне дейінгі аралықтағы күту мерзімі) аяқталғанда ғана басқа ер адаммен некеге отыра алады. Мұсылман ері отқа, күнге, пұтқа табынушылармен некеге отыра алмайды. Ал, яхудилер (еврей, жөйіттер) және христиандармен неке құруына болады. Кітап түскен қауымдар яхуди мен христиандар неке құру үшін, ислам дінін қабылдау жағдайында ғана рұқсат етіледі. Мұсылман әйелдер қай дінде болсын мұсылман емес ерлерімен яки дінсіз болса да неке құра алмайды. Сонымен қатар, ақша үшін бір уақытта екі некеге отыруға болмайды, оның ішінде азаматтық некеге рұқсат берілмеген.

неке кз, неке сарайы, неке, Қазақстан неке туралы заңы, неке заңы, неке қию, неке тойы, той, қазақ тойы,мұсылман некесі, неке қасиеті,
Қазіргі Батыс немесе Еуропаға еліктеп, көптеген жастарымыз Алланың алдындағы ең ауыр күнә қатарындағы ер мен ер немесе әйел мен әйел яғни біржыныстық қатынастарға баратындығы кездесіп жүрген жағдай. Қасиетті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Біржынысты адамдардың некесін қарғыс атсын!» деген. Шариғат бойынша ислам мемлекетінің ондай қатынастарға қолданылатын жазасы тек қана өлім. Тіпті, кейбір көптеген мұсылман елдерінде бағытын өзгерткен адамдарға қазіргі таңда өлім жазасы беріліп те жатыр. Ал, қазіргі зайырлы қоғам біржынысты некелерді әдеттегідей қабылдауда. Негізінде, бұл бүтіндей бір рудың тіптен халықтың жоюылуына әкеп соғатын апат. Елбасымыздың «Әр адамның құқығын қорғау Елбасының мүддесі болса да, демография стратегиясы бәрінен жоғары» қазақ халқының көбею мәселесі алғашқы орында.
Еліміздің заңнамалық актілеріне сәйкес, отау тіккен екі жас азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне тіркелуі тиісті. Бұл мемлекеттік тұрғыдағы неке болғанмен, діни рәсімде де неке қиылуы да өте қажет. Бұл рәсімде неке қиюшы жастарға ер адамның әйелге, әйелдің ер адамға Жаратқан Алланың атымен бір – біріне серттесу куәлік сөздері айтылады. Мұның тәрбиелік маңызы қазіргі жастар үшін, өте зор. Одан мешітке ағылған жастарға құран оқып, некесін қиып, қайтара салмастан бір мезгіл болса да шариғат үкімімен таныстыру, діни уағыз – насихат, бірер хадис айтуды дін өкілдері тарапынан ұдайы талап етіліп жүрген жайт. Ал, енді ислам шариғатының үкімі бойынша, неке қию рәсімі күйеуге шығатын қыздың үйінде қиылғаны дұрыс. Себебі, әкесі қызының некесі қиылмағанша бөтен ер адамға қол ұстатып жіберуі дұрыс болып саналмайды. Бүгінгі кезеңдерде осы үрдіс ұзату халал тойы яғни арақ – шарапсыз өткен тойларда атқарылып жатқаны баршылық. Тойға жиналған көпшілікке де, екі жасқа да осы жерлерде тәрбиелі де ұлағатты насихаттар берілуде.
Дегенмен, әңгі еліктеудің салдарынан қазір неке қиюшылар мешітке келе бастады. Мұның да өзіндік дұрыс емес жерлері бар. Мешіт – жердегі Құдайдың үйі болғандықтан, бұл жерге ерекше үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Мәселен, екі жас және оның қасына ере келуші жамиғат ішімдік қолданбай келуі, дәретті болуы, әйел заты мен жас қыз балаларының шаштары, денелері толық жабық болуы және де басқа да талаптар көп жағдайда орындалмай жатады. Бұған қоса, сол теріс еліктеудің нәтижесінде жастарымыз той үстінде Алла тыйған ысырапқа өтіп кетіп жатады. Ал, бұл жағдайларды саралайтын болсақ, әртүрлі немесе біртүсті, моделді автокөліктерді қатарынан қойып, шеру құруы және сол шерулік жүруде астамшы қылықтарға бой береді. Тіпті соңы апатқа әкеп соққан жағдайлары да жоқ емес. Және тойда аспанға салют атудан артық күнә жоқ! Бір жағынан ысырап, екінші жағынан атыс – шабыс жақсылықтың нышаны емес. Тарихта Намруд патша көкке садақ атып, «Мен Құдайды өлтірем» деген ақымақтың белгісін көрсеткені ізгі ниетті жандарды безіндіретін жайт. Ислам түсінігі бойынша атыс – шабыс, айғайдан Періштелер қашып, арадан береке кетеді.

мұсылман некесі, неке, мұсылман қасиеті, неке қасиеті
Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Үш нәрсемен қалжыңдап, ойнауға болмайды: неке, талақ және ант» — дегені бар. Бұл үшеуі де адам тағдырына әсерін беретін іс – әрекеттер. Көптеген адамдар некесін «Талақ» деген сөздермен ғана шектеп, «Айтсам болды, бұзылады» деген есеппен жүр. Егер де, «Талақ» сөзін айтқан күннің өзінде, ер адамның ажырасу ниеті болмаса, талақ түспейді. Бұған исламда рұқсат берілсе де, неке бұзу дінімізде жақсы нәрсе емес. Мұсылман адамдар қандай жағдайда болсын, отбасын сақтап қалуы тиіс. Өйткені жанұя – мемлекет бөлшегі. Алайда, мұсылманның «Талақ» деген сөзі яғни «Сен боссың не айырылыстық» деген мағынаны білдіретін сөздерді ажырасу ниетімен айтып, некесін үздіруге құқылы. Сүннет пен шариғатқа сүйенсек, некесін бұзбақшы болған мұсылман ері үш ай ішінде яғни әр айда жеке – жеке күйінде «Талақ» сөзін айтуы тиіс. Сүннет бойынша, некесін үздірген мұсылман әйелі кейіннен яғни сол үш айдың ішінде татуласып не болмаса одан кейін болмаса қайтадан ислам дәстүрімен некесін қидыруына болады. Егер мұсылман ері үш реттен бір мезгілде «Талақ» сөзін анық айтса, қайтадан отасу мүмкіндігі болмайды. Кейбір ғалымдардың ерекше қаттырақ айтуларына қарағанда, үш талағын алған әйел сол ерімен қайта неке құра алады, егер әйелі басқа ер адамға күйеуге шығып, онымен біршама уақыт тұрып және некесін бұзып әрі ол адамнан талағын алғанда ғана алғашқы күйеуіне қайтадан қосыла алады. Сонымен қатар, талақ беріп, ажырасу үкімі тек ер адамның құзырында болса да, әйел сот үкімі арқылы күйеуінен ажырасса, ол неке бұзылған болып есептелінеді. Ер адам ашу, ыза, мас күйінде, өз – өзінен ерік кетіп яғни аффект жағдайында немесе тәрбиелеу, қорқыту, түзету мақсатымен бірнеше реттен талақ берсе де, бұл сөздер есепке алынбайды. Бұл жерде мына жағдайға зер салыңыздар. Бір әйелдің табақтағы және қазандағы қалған астың майын жалап жеу әдеті болыпты. Бұл ісі күйеуінің көңіліне еш қонбайды. Көрген сәттерінде бірнеше рет оған тыйым салынса да, әйелі бұл істен еш нәтиже шығармайды. Сонда ері бір күні былай дейді: «Егер табақты жалағаныңды көзіммен көрсем, бір мезгілде үш реттен «Талақ» сөзін еститін боласың» – дейді. Күйеуінің бұл сөздері әйелінің есінен шығып кетеді. Күнделікті жұмысынан келген күйеуі әйелінің әдеттегі ісінің үстінен түседі. Осымен оның әйелі сөзсіз бөтен әйел бола некелері бұзылған болып саналады. Біршама ғалымдарды аралап, уайымдары күннен — күнге арта түсті, өйткені араларында жеті баласы бар еді. Сөйтіп, бір ғалымға екеуі келгенде, ғалым табақты қалай жалағанын әйелден сұрады. Әйел барлығын көрсете айтып береді. Сонда ғалым: «Сенің «Талақ» сөзің қабылданбайды, өйткені сенің әйелің табақты жалап – жұқтап емес, өзінің тамақ жеген саусақтарын жалап – жұқтады» — деген пәтуамен шығарып салған екен. Мұндай жағдайларда көбінесе отбасы жібінің үзілмеуін қадағалау қажет.
Өз заманының ұлы ғалымы Хасан аль – Басриге бір әйел күйеуінің еш себепсізден соққыға жығатынына шағына жүгініпті. Оған дем салынған кішкене бір тасты көрсетіп, күйеуі ызалана дауыс көтеріп келе жатқан кезеңде осы тасты аузына салуын айтады. Үйіне келген әйел аузына тасты салып, күйеуі ұрыс шығара бастаған кезде, әйел тек басын изей береді. Бұған шаршаған күйеуі ұйқыға жатып қалады. Бұл жағдай бірнеше күнге созыла ақырында екеуі татуласып, жақсы өмір сүріп кетеді. Халқымызда «Қыз – жат жұрттық» деген нақыл бар. Міне, күйеуге шыққан қызына көптеген ата — аналар теріс бағытта тәрбие беріп жатады. Екеуінің орталарына түсе бастайды. Сөйте келе, қызын күйеуінен ажырастырып жатады. Одан қоғамдағы бір шаңырақ ортасына түседі. Орталарында бала болса, оның тағдыры екіге бөлінеді. Бала әке немесе ана сөзіне зар болып, келешекте сондай адамдарға өшігу мінез — құлқына бойын сіңіртеді. Екі жастың арасына тұру – күнә. Расында, қыз баласы танымаған бөтен отбасына барып сіңеді. Сол шаңырақтың отымен кіріп, күлімен шығады. Егер де түсініспестікпен отбасы ыдыраған күннің өзінде әйел мен ер адам, тіпті құйрық – бауыр жесіп, төс қағыстыра мың жылдық болған құдалар да бір – біріне жақсы сөзбен тараса келешекке жақсылықпен қалуы керек.
Мына адамдардың орталарындағы құпия сырлар өздерімен бірге қабірге кетіп, ешкімге естілмей көмілуі тиіс. Олар: Алла мен Пайғамбардың ортасындағы, әйел мен ер адамның, шынай достардың, ұстаз бен шәкірттің, бала мен ата – ана, бауыр ағайындардың ортасындағы және мәйіт жууға бірге түскен адамдардың мәйіттің денесіне қатысты болған жағдайларды басқалармен бөліспестен өздерімен бірге бұл жалғаннан ала кетуі керек! Кейбір адамдар ер мен әйел ортасындағы төсек қатынасын /тіпті зина яғни некесіз жақындық болса да/ тәркілей басқаларға айтып, оны әшекейлеп басқа біреуге жеткізу, мақтану күнәдан да ауыр және үлкен надандық! Әйел затының Жаратқанның разылығына бөленуі, Жәннеттің есігін ашуы еркекке қарағанда әлдеқайда оңай. Себебі, Алланың әмірін орындай күйеуіне мойысұнғанда, Жәннеттің сегіз есігінен қалаған қалың адамымен кіруіне уәде берілген.
Құранда Алла тағала ер адам әйел адамды басқарады деген аяты «Ер адам» арабша «Рижаль» делінгендер: иманды, арақ ішпейтін, әйел затын құрметтейтін, ұрып – соқпайтын, адал ырзық табыстағы ерлерді меңзелген. Ал, тапқаны мен ішкені арам, отбасына дұрыс тәрбие бермей әрі ризық нәпақамен қамтамасыз етпеген ер адамдар ер атағына ие болмағандар. Жынысымен ер болса да, тынысымен еркек еместер! Менің айтатыным, бұл жалған өмірде салиқалы әйел немесе жар табу үшін түңгі клубтар мен ойын-сауық ордаларынан іздемей, мешіттер мен имандылық орындардан, текті де тәрбиелі шаңырақтардан сүйікті жарын тауып, дүние қазанында сол асыл қазынамен бірге тату өмір кешіп, бір жастықта қартаюды Жаратқан Алла баршамызға нәсіп етсін! Әумин, Аллаху Әкбар!
Нұрлан қажы Байжігітұлы Асанов
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Өскемен аймақтық өкіл имамы

Ақпарат http://oskemen-meshiti.kz сайтынан алынды

 

7 Пікір

  1. менің уйленип отбасын ұрғым келеди бирак ойланбай уйленип опы жимба деп коркам

  2. АСаламаикум баурлар Мен куиеуы. Жоқ аиелдер дн Қолннан ас _тамақ шуге болама.?

  3. Бала жактын ата анасы былып кыз жактын ата анасы былмей мешытке барып неке киса бола ма?егерде кыз бен жыгыт журып журып уйленетын ойлары болса..

Пікір қосу