Наурыз айында ата-ана атанған жұлдыздар

0
3517

Көктемнің алғашқы айы Қазақстандықтар үшін көп қуаныш әкелді. Қазақи дәстүрге сай Наурыз мерекесін тойлап қана қоймай отау құрып, ата-ана атанып жатқан қуаныштар көптеп болды. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға наурыз айында ата-ана атанған жұлдыздарымызбен таныстырмақпыз.

Танымал ақын, талантты тележүргізуші Назира Бердалы ана атанды. “Әйел адам үшін шығармашылықтың шыңы ол – дүниеге бала әкелу” дейтін ақын сүйікті жарына қыз сыйлады.

Назира Бердалы ана атанды

Әнші, теле жүргізуші Нұрлан Еспанов төртінші рет әке атанды. Екі қызы мен жалғыз ұлы бар әнші үшінші қыздың әкесі атанды.

Нұрлан Еспанов отбасы

Кезіндегі «Перцы» тобының мүшесі, қазір Али Оқапов, Динара Сұлтан және Индира Еділбаеваның продюссері Ерлан Алимов 7- наурыз күні Наима есімді қыздың әкесі атанды.

Ерлан Алимов отбасымен

«Терция» тобының мүшесі, әнші  Еркебұлан Сауранбек 12- наурыз күні Айару деген әдемі қыздың әкесі атанды.

әнші  Еркебұлан Сауранбек

26- наурыз күні халықтың сүйіктісі, танымал әнші Мейрамбек Беспаев ұлды болды. Қызы Кәусардан кейін 7 жылдан кейін өмірге келген ұлына әнші Абухайыр  деген есім берді.

11085201_1586454808259479_800745062_n

Кезінде До-Ма-жор тобында өнер көрсеткен әнші Роман Майғазиев 30- наурыз күні Расул есімді екінші ұлдың  әкесі атанды. Сәбидің есімін тұңғыш ұлы Рамазанға ұқсатып қойған болуы керек.

Ролан Майғазиев отбасымен

2014 жылы отбасын құрған актер Еркебұлан Дайыров әке атанды. 31- наурыз күні актер жары мен тұңғыш сәбиін перзентханадан шығарып алды.

rSs6MAIekwg

«Формат» тобының әншісі астаналық  әнші Қайрат Баекенов 3- қыздың әкесі атанды.

әнші Қайрат Баекенов

Барлық сәбилі болған ата-аналарды қуаныштарымен құттықтаймыз! Қазақтың саны артып, қуанышы көбейе берсін!

Пікір жоқ

Пікір қосу