Нартай мен Жанаттың тойының беташары

Ұлы жүз Албан атасы,
Қожбанбет баба баласы
Атагелді, Құлмұханбет
Бабалардың бабасы.
Ешкімнің жоқ таласы,
Мәлікаждар жұрттың данасы
Мәжін атаң молда екен,
Жұртының болған жағасы.
Изатбек атаң дихан боп,
Астықтан тұнған даласы.
Тектіден туған ұрпақтың,
Әулетіне түстің келін боп,
Ата баба аруағына иіліп салем,
Иіліп салем жасағын.

Ата бабалары: Атагелді, Құлмұханбет, Мәлікаждар, Жақыпбай, Мәжін, Изатбек.

Ұстаздардың ұстазы,
Ұлылардың жалғасы.
Жүнісхандай атаңмен,
Ұрпақтар ісі жалғасты.
Тегімен тартақан ретімен,
Жүнісхан, Сакен, Азаттар,
Қабілет, Жігер рухына келін бір салем

Аталарың: Жүнісхан, Азат, Сакен, Қабілет, Жігер.

Айналайын келін жан,
Алматыдан болған тұрағы,
Әулеттің үлкен шырағы,
Жүнісбек атаң осында.
Еркін, Серік қос атаң,
Бойдақтықтан рекорд жасаған.
Бектемістей бір атаң,
Салем сұрар жырақтан.
Аталарыңа бір салем.

Аталары: Жүнісбек, Еркін, Бектеміс, Серік

Әулеттің болған анасы,
Бопатай мен Дәмелі.
Айымхан мен Сара, Бақтыжан,
Өткен екен ертеде,
Кетейін мұны ескерте
Әжелеріңе бір салем

Әжелері: Бопатай, Дәмелі, Сара, Айымхан, Бақтыжандардың рухтарына бір салем.

Жолдарын ары жалғаған,
Ұрпағына бәрін арнаған.
Бишахан мен Сажида,
Күлән менен Дәнехан.
Абысындары Бақыт енеңнің,
Енелерің осыларға бір салем.

Енелерің: Бишахан, Сажида, Күлан, Бақыт, Союзхан, Айбарша, Гүлғайша, Зинакул

Әкелер жолын жалғаған,
Жанарбек, Бекбол, Нұрғалым.
Тобажан, Жақан, Әлімбек,
Құттықтап жатыр өзіңді,
Қайнағалардың бәрі кеп.
Қайнағаларға бір салем

Қайнағаларың: Жанарбек, Аманжол, Бекбол, Нұрғалым, Ерғалым, Нұрсұлтан, Әлімжан, Нұрлан, Байжан, Мұхит, Нұрәсіл, Айбек, Берікбай, Серікбай, Ербол, Назар, Әлім, Заңғар, Жәкен, Мәди, Талғат, Ербол

Қайын бикелер әкпелер,
Атамасаң өкпелер.
Сен келін боп түскен жер,
Олар қыз боп өскен жер.
Қайынәкпелеріңе бір салем

Қайын әкпелерің: Бақытхан, Дыбысхан, Қатира, Фарида, Күләш, Айшахан, Несіпкул, Айгул, Меруерт

Үй тірегі ағашы,
Ер тірегі нағашы.
Нағашы жұртың келіп тұр,
Нағашы жұртқа бір салем

Нағашыларың: Әйімжамал, Нұрғабыл, Айгул, Зинакул, Несіпхан, Асхат, Мақсат.

Ортақ болар табысың,
Жұртың бар жақын абысын,
Абысын тату боп жатса,
Берекенің бары шын
Абысындарыңа бір салем

Абысындарың: Ғалия, Клара, Айгул, Гулжанат, Жанар, Анар, Оля, Алмагул, Зуля, Гулзира, Тұрым, Жазира, Ғалия

Қайны- інілер, сіңілліер,
Таппасаң жайын бүлдірер.
Мұңайсаң түртіп күлдірер
Төркіндеп қашсаң бір жүрер,
Қалжыңдасаң тілділер,
Қалжыңдаспасаң бүлдірер
Қайны іні, қайың сіңілдеріңе бір салем.

Қайны іні, қайны сіңілерің: Мақсат, Мөлдір, Роза, Айжан, Әсем, Ғалым, Әсет, Маржан, Дархан, Айман, Сұлтан, Думан, Даниярларға бір салем.

Тату болсаң көршіңмен,
Кем болмассың ешкіммен.
Жақсы келін боларсың,
Бір шәугім шәй бөліссең.
Көршілерге бір салем

Көршілер: Қанағат, Мағжан, Бекболат, Сабитбек, Алтынбек, Мәулен, Айсара, Гулбаршын, Леналарға бір салем.

Жақын болсаң сырласың,
Сырласа білсең құрдасың.
Тату болсаң достармен,
Сыйлы болар бір басың.
Құрдастарыңа бір салем

Құрдастары: Рысдаулет, Амантай, Еркебұлан, Абон, Нұрғанат, Досан, Ерғанаттарға бір салем.

Leave a Comment