Мойынға тағатын әшекейлер

0
2003
алқа

Мұндай әшекейлер қыз — келіншектердің мойнымен бірге төсінің ашық жерін жалаңаштамай жауып тұрады. Сонда адамның көзі соған ғана түседі.

Алқа – мойынға, омырауға тағылатын зергерлік зат. Оның аса көркем әрі күрделі түрлері Қазақстанның батыс және оңтүстік – батыс өңірін де кеңінен тараған. Бұл алқалар бір-бірімен шығыршық арқылы жалғасып, бірнеше төрт бұрышты әшекейлерден құрастырылып жасалады. Алқаны меруерт, маржан, үзбелі моншақтар тізбегі түзілген асыл тастардан да, алтын, күмісті соғып та жасап, бетіне асыл тас қондырады, ою-өрнек салып, тұмаршасалпыншақтар да тағады. Жасалған материалына, тәсіліне байланысты: лағыл, маржан, меруерт алқалар, жақұт көзді алқа, зер шашақты алқа (салпыншағы мол, бірнеше шашағы бар), екі қатар етіп алтын-күмістен соғылған – қос алқа, төртбұрышты екі алақаннан (пластинкадан) тұратын қос тақта алқа, күміс шынжырлармен үзбелестіріп жасалған неше түрлі салпыншақты – шұбыртпа алқа тәрізді алқалардың көптеген түрі бар.

Әйкел – мойынға тағатын алтын, күміс әшекейдің көне атауы. Өзбектер хайкал, қарақалпақтар хайкел деп атайтын металдан жасалған сәндік бұйымыңыз осы қазақтың әйкелі.

Моншақ – түрлі, түсті үлгі-дегі (шар, сопақша, қырлы) мойынға тағатын әшекей. Оның кең тараған түрлері: ақық моншақ, ала моншақ (қара ала көзді), алпыс моншақ (көз тимеуі үшін), әңгір моншақ (кү-міске тізілген әшекей моншақ), бет моншақ (сәукелеге, кимешекке тағылатын), жақ моншақ (алтын, күміс қозалармен, асыл тастармен бұршақтап, үзбелеп жасалған салпыншақты әшекей, әйелдердің бас-киіміне тағады), көз моншақ, күміс моншақ, қызыл моншақ, меруерт моншақ, су моншақ (ұсақ тастардан тізілген), тай-тұяқ моншақ, тал-тал моншақ, тана моншақ, шаш моншақ, шұбыртпа моншақ.

Тұмарша – күмістен не бұрыштап, не жұмыр түтікше тәріздендіріп жасалып, шынжыр бау тағылатын әшекей. Оның үшбұрыш, төртбұрыш түрлері бар. Оның атаулары: жастық тұмар (төртбұрышты түсті металдан жасалған), қи-ық тұмар (жалтырауық заттардан әзірленген), лағыл тұмар (лағыл таспен безелген), сіркелкі қолтық тұмар (бетіне сіркелеп өрнек салынған), алтын тұмар (күміс бетіне алтын жалатқан). Өңіржиек – алқаның жергілікті атауы. Оны көйлектің сыртынан омырауға тағады. Омырау бастырғыш – қыз-келіншектер көйлектері-нің сыртынан тұтынатын кеуделік әшекейі.

Пікір жоқ

Пікір қосу