Моника Беллуччи мен Венсан Кассель ажырасты

4
1195
Моника Белуччи мен Венсан Кассель ажыраспақшы

Моника Беллуччи мен Венсан Кассель ажырасты. Бұл жөнінде италияндық апталық басылым Corriere della Sera хабарлаған болатын. Бұл ақпаратты актрисаның жеке менеджері  де растап отыр.

Алдыңғы аптада шетелдік басылымдар, Мониканың бар заттарын жинап Парижден Рио-де- Жанейроға екі қызы Дева мен Леониды алып көшіп кеткенін жазған болатын. Моника франциядан кетуінің себебін, 18 жылы бойы Бразилияға ғашық болғанымен түсіндіреді. Ал франциялықтар, байларға тағайындалған салықтың өте жоғары болуымен байланыстырады.

Бұлай тез ажырасу себебі әзірге белгісіз. Бұл жайында актерлар өздері де ештеме деп мәлімдеме жасамады. Ажырасу арызы берілгені туралы да нақты ақпар жоқ.

Қазіргі уақытта Моника Беллуччи Сербияда Эмир Кустрицтың жаңа фильміне түсуде.

Естеріңізге сала кетсек, Моника Беллучии мен Венсан Кассель 1995 жылы «Пәтер» (квартира) фильмінің түсірілім кезінде танысып, 1999 жылы үйленген болатын. Үйленгендеріне 14 жыл болған, итальянық актриса мен француздық актердың екі қызы бар.

4 Пікір

  1. Мәтіннің ішіндегі қателерді түзеңіздерші деп айтуға ұялып отырмын, тақырыпта қате бар. Сайт керемет, тек сауатты адам жүргізсе екен

  2. Сәлем! сайт әкімшілігіне айтарым бар. «Неке.кз», бастама өте сәтті! мәтіндер граматикалық та лексикалық та ҚАТЕГЕ ТОЛЫ! БҰЛ БАҚ ҮШІН КЕШІРІЛМЕЙТІН КҮНӘ!!! САУАТТЫ РЕДАКТОР АЛҒАН ЖӨН!

Пікір қосу