“Мисс Қазақстан” байқауына қатысып 1 000 000 ұтып ал

0
1532
Мисс Қазақстан

“Мисс Қазақстан” ұлттық байқауының ресми сайтына тіркеліп, «Мисс Қазақстан» байқауына қатысуға шақыру ал. Жарысқа тіркелу уақыты қыркүйек айының 30- жұлдызына дейін жалғасады. Байқаудың жеңімпазы «МИСС ӘЛЕМ» сұлулық байқауына берілетін жолдама мен 1 000 000  теңге көлемінде ақшалай жүлде иегері болады.

“Мисс Қазақстан” ұлттық байқауы

Байқау тарихында Мисс Қазақстан-ды өткізу ережелеріне алғаш рет өзгерістер енгізілгендігін естеріңізге сала кетейік. Бұдан былай кез келген өңірдің әрбір аруы «Мисс Қазақстан» байқауының ресми сайтына өтінім бере алады. Тіркелгеннен кейін бірнеше күннің ішінде көрсеткен электрондық поштаңызға кастинге шақыру келеді. 1-30 қазан аралығында бүкіл Қазақстан бойынша өңірлік кастингтер өткізіледі. Әр қалада іріктеуді өткізу күндері мен мезгілі туралы барлық ақпарат ресми сайтта жарияланады. 5-14 қараша аралығында онлайн дауыс беру өткізіледі, оның нәтижелері бойынша бес ару “Мисс Қазақстан”-ның финалына өтеді.

Мисс Қазақстан

Ең басты жаңалықтардың бірі  еліміздің бірінші аруын таңдау болмақ. Он жеті жыл бойы еліміздің лайықты бойжеткенін таңдау тек әділ-қазыларға байланысты болып келді, енді ұйымдастырушылар “Мисс Қазақстан”-ды таңдау құзіретін халқымызға тапсыруды ұйғарыпты. Финал барысында шоу-бизнестің жас әртістері Марат Оралғазин, Әли Оқапов, Луина, тележүргізуші Салтанат Бекжігітова және олимпиада жеңімпазы Илья Ильиннен тұратын байқаудың әділ-қазылары қатысушылардың үздік үштігін таңдайды. Әрі қарай тікелей эфирден ХАЛЫҚТЫҢ онлайн және sms-дауыс беруі басталады. Шешуші сөз халықтың еншісінде. “Мисс Қазақстан”-ды таңдаудың ашықтығы үшін әділ-қазылардың дауыс беру хаттамасы, онлайн және sms-дауыс беру хаттамалары 29 қарашада байқаудың ашық сайтында жарияланады. Бұл үлгі жыл сайын қайталанатын болады, көрем деушілер дауыс берудің барлық кезеңдерін тамашалай алады.

Мисс Қазақстан қатысу

Сондай-ақ жеңімпазға тәж, іс-шараға демеуші болғандардың атынан ұсынылатын жүлде және орасан зор «МИСС ӘЛЕМ» сұлулық байқауына берілетін жолдамадан басқа,  «Мисс Қазақстан» байқауының тарихында алғаш рет 1 000 000  теңге көлемінде ақшалай жүлде белгіленді.

Пікір жоқ

Пікір қосу