Миранда Керрдің той көйлегі

0
227

2017 жылдың 17 шілдесі күні әлемге танымал 34 жасар сәнгер Миранда Керр 26 жасар миллиардер, Snapchat қосымшасын жасаушы Эван Шпигельге тұрмысқа шықты. Миранда Керрдің той көйлегін Dior сән үйінің креативті директоры Мария Грация Кьюри тіккен. Үйлену тойға бар жоғы 50 адам ғана шақырылған.

Сәнгер Миранда Керр той көйлек таңдауда өзінің күнделікті киімінен ерекше болғанын қаласа керек. Ол жабық, әрі қарапайым той көйлегін қалаған. Ол өз той көйлегінің Грейс Келлидің үйлену той көйлегіне ұқсағанын қалапты. Миранданың көйлегі ақ сәтеннен ұзын жеңді, жабық жаға мен шлейффен қапталып тігілген. Көйлектің матасы гүлді кестемен көмкерілген. Миранда көйлектің сәніне сай құлағына жемчугтен сырға таққан. Образды басына ақ гүлдерден жасалға веногымен ұзын фатамен толықтырған.

Еске сала кетсек, сәнгер үшін бұл екінші неке. Бұған дейін Миранда актер Орландо Блумға тұрмысқа шыққан болатын. Актерден Флинн есімді алты жасар ұлы бар.

Пікір жоқ

Пікір қосу