Менің арманымдағы ханзада

2
1773

Фейсбук әлеуметтік желісін қолданатын журналист қыздардан «Менің арманымдағы ханзада» деген тақырыпта өздерінің ойларын білген едік, соны назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Айжан Карибаева, Your Vision  қызметкері, Екпін онлайн журналының тілшсі:

Мен армандаған ханзада, яғни басқаша айтатын болсақ, мен үшін идеалды ер жігітті білгілерің келеді ғой? Ең алғашқыда әрине мен сыртқы келбетке назар аударамын. Ал одан соң ең басты ер адам қасиеті — жауапкершілік. Яғни ол өз өміріне, жақындарына жауапты бола алады. Әр іс-әрекетіне жауап береді. Жалпы оның ерекше «крутой» болуы міндетті емес, ең бастысы ниеті түзу, өмірге, отбасы, достық, махаббат идеяларына көзқарасы дұрыс болсын.

Маржан Әжібек, журналист

Неге екенiн бiлмеймiн, бұрыннан өзiмнен жасы үлкен жiгiттер ұнайды. Сосын, түр-тұлгасы манызды емес деп айтатын кыздар өтірік айтады деп ойлаймын өзім. Бірақ, кей құрбыларым секілді салонда педикюрге бірге кезек күтіп отырып, таныскан сылқым жігіттермен сөзім жараспайтынын да сезем. Шығармашылық адамдары ұнайды, тек ақын болмаса болганы. Сөзге шешен, қызбалау мінезді, көзі жайнап тұратын, мен үшін бар жауапкершілікті өзіне алатын, тым сауатты және менен бірнеше жасқа үлкен болса болды. Тек, біраз уақыттан кейін айтқандарыма мүлде кереғар адамды жанымда көрсем, танғалмас едім. Себебі, жүрегім өз алдына шешім қабылдап қоюы мүмкін гой…

Арайлым Мұстафақызы

Әр ер азаматтан жақсы бір қасиетін байқап қалар болсам, ойша түртіп алып жүрем. Сол түртіп алулар арқылы арманымдағы ханзаданың бейнесі шығады. Қысқаша айтқанда, ең алдымен адамгершілі жоғары, білімді болғаны өте маңызды мен үшін. Қай ортада болмасын өзін ұстай алатын салмақты да мінезді, махаббатын құрғақ сөзбен емес ісімен дәлелдей алатын романтик жігіт…

 Ая Бегім, журналист

Армандаған жақсы ғой. Мен армандаған ханзаданың әсіресе көздері әдемі болса екен. Көзі мен көзқарасын жақсы көріп қалсам басқа жерлері онша маңызды рөл атқармайды. Жүрегі Нұрберген Мақымдыкіндей, миы Сатыбалдыныкіндей болса және маймылдан сәл әдемі болса сол маған жетіп жатыр, басқа ештеңе сұрамаймын. Астында пырағы, қолында бананы (сүйіп жейтін жемісім еді) бар есігімнің алдына келіп тұрса, сосын Нұрлытауға жұмысқа жеткізіп тастаса күнде-күнде деп армандаймын. Әйтпесе жаяу көтерілген маған өте қиын болып жүр…

Рауана Тамшы, журналист 

Қысқаша айтатын болсам: ермінезді, еңбекқор, салмақты, сауатты, ақылды, қамқоршы болу керек. Түр келбеті маңызды емес

Өздерінің ойларын жасырмай білдірген қыздарға рахмет айтамыз, армандарыңыздағы ақ боз атты ханзадаға жолығып, бір үйдің ибалы келіні болуларыңызға тілектеспіз!!!

2 Пікір

  1. Ең бастысы қыздар, армандаған ханзадаларыңа ұнап, соларға да сай болыңдар, таңдау тек бір жақтан болмайтынын ұмытпаңдар.)

Пікір қосу