Менің ойымша үйленген тамаша!

2
1433

«Мен де бір кезде де ..» айдарының келесі қонағы Хабар теле арнасының тілшісі, жақында отау құрған Арнат Байсеитов.

Арнат қондырған құсың құтты болсын! Махаббаттарың баянды болсын!

Рахмет! Аумин айтқаның келсін!

Үйленген қалай екен? Бойдақтарға нендей қызықтарын айтып қызықтырасың?

Әрбір отағасы үй болу жаман екен деп айтпайды деп ойлаймын. Себебі, осындай жауапты сәтті әрине, бастан-аяқ ойланып шешіп аласың. Менің ойымша үйленген тамаша!. Әсіресе, ата-анаңнан жырақта жүрсең. Олай дейтінім жұмыстан қайтқанда үйіңде күтіп отыратын жан бар. Оқушы кезімде сабақтан келгенімде алдымнан күлімдеп анам қарсы алушы еді, енді жан-жарым құшағын жайып тұрады.  Барлық басы бос жандарға шаңырақ көтеріңдер дер едім. Отбасылық өмірдің кереметтігін сөзбен жеткізу қиын. Тек оны бастан өткеру керек.

 1170947_502668306486782_40786644_nДаяна жайлы біздің сайтымыздың оқырмандарына мәлімет бере кетсең, қалай таныстыңдар, көп қыздың ішінен сенің жүрегіңді қандай қасиеттермен жаулап алды.

Шынымды айтсам, біз таныспадық. Даяна екеуміз әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде бір топта оқыдық. Топтағы достарымыз бірімізді Даяна, бірімізді Арнат деп жүрген соң арнайы таныстық болған жоқ. Даянаның ең бір маған ұнаған қасиеті -талапшыл. Мен бір жұмысты қолға алсам соны аяқтамайынша күніне бірнеше рет қайталап сұрай береді. Сосын, өзінің орнын біледі. Керек жерде көңіл көтерсе, отырған ортаға қарап ең момақан болып қалады.

Тойларың қайда, қандай асаба жүргізді
Тойымызды менің туып-өскен жерім Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүбірлетіп өткіздік. Асаба – Тараздың тарланы Бақтияр деген жігіт болды

 Осы тойларда байқап жатамыз, асабалар күйеу жігітке әр түрлі салттарды атқартып, ойындарға қатыстырып жатады. Асаба әбден мезі етті ме сені? Тойдың жалықтырған салт дәстүрі болды ма

Жоқ. Жалықтырған сәт болмады. Тек бір рет қана ортаға шығып торт кестік, ойын ойнадық, сосын әрине жас жұбайлар вальсі болды. Сосын тойдың аяғында, достар тілек айтқанда шықтық. Ия, кейбір тойлардан көріп жүрмін, той басқарушы жас жұбайларды қайта-қайта шақырып, неше түрлі сынақтар жүргізеді. Үйленгендер біледі, онсызда басқалар тілек арнап жатқанда екі аяғың шаршап кетеді.

          Бойдақтық кезіңді сағынбадың ба? Мен де бір кезде  бойдақ болғанмын деп сол бір кездеріңдегі қызықтарыңды 1184900_159854404211121_52323019_nбөлісші.

Жоқ, сағынған жоқпын. Себебі, күнде отбасылық өмірдің бір жаңа қырлары болады. Уақыт жоқ. Бойдақтық өмірдің қызығы бір бөлек. Алматыда туған әпкемнің қызын саябақтан алып қайттым. Қоғамдық көлікке (63 маршрут) отырғаным сол еді бәрі орын бере бастады. Кондуктор келіп, «қызыңыз өзіңізден аумайды екен» дегені бар. Бойдақтық кезде осындай сөз есту біртүрлі көрінді. Осындай бір қызық оқиға болған.

Сұхбат бергеніңе рахмет! Көтерген шаңырақтарыың биік, босағаларың берік болсын!

2 Пікір

Пікір қосу