«Меломен» тобының әншісі Ғабит Әбілдаев үйленді

1
3456
Меломен тобының әншісі Ғабит Әбілдаев үйленді

«Меломен» тобының әншісі Ғабит Әбілдаев үйленді. Ұзату тойы 22- тамыз күні Тараз қаласында өтті. Сері жігіттің таңдауы Нұрилла есімді журналист қызға түсіпті. Бұл туралы «Гәкку» телеарнасы хабарлап отыр.

fX9dIO-d_nE

«Көп қыздың қиялдағы ханзадасы бір сұлудың жан-жары болды. Меломеннің жалғыз бойдағы — Ғабит Әбілдаев ақ құсын қолына қондырды. Кеше Тараз қаласында қалыңдықтың ұзату тойы болды. Жас келіннің есімі – Нұрилла. Мамандығы журналист«, — деп хабарлады телеарна тілшілері.

Сонымен қатар, оның отандық телеарналардың бірінде жұмыс істейтіні айтылады. Олар бір сұхбат барысында танысқан. «Ғабит сүйкімді қыздың сұлулығынан бұрын, жан дүниесінің рухани байлығына сүйсініпті«. 25 тамызда Шымкентте той болады.

Ақпарат Тенгриньюс.кз сайтынан алынды.

1 пікір

Пікір қосу