Меган Фокс екінші рет ана атанды

0
720

11 — ақпан күні танымал актриса, «Трансформер» фильімінің жұлдызы Меган Фокс екінші рет ана атанды, әзірге жұлдыз өзінің ұлына қандай есім қойғаны белгісіз.

Танымал актриса Меган Фокс пен жары Брайан Остин Гриннің бұл сәби екінші ұлдары. 2010 жылы үйленген жұлдыздардың 2011 жылы тұңғыш ұлдары Нао өмірге келген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Меган Фокстың екінші рет аяғының ауыр екені 2013 жылдың тамыз айында белгілі болды. Ал Брайан Остин Грин үшін бұл үшінші бала, алдыңғы некесінен 11 жасар Кссиус атты ұлы бар.

27 жасар Меган Фокс өзінің өміріндегі басты мақсаты балалары екенін бірнеше рет айтқан болатын.

Пікір жоқ

Пікір қосу