Медет пен Клара

16
3537
Медет Салықов пен Клара Төлендиева

Құрметті біздің сайттың оқырмандары біз бүгіннен бастап сіздерге жаңа «Менде бір кезде…« деген бөлімде өзіміздің жұлдыздардың қалыңдық пен күйеу жігіт болған кездегі және жұбайлық өмірдің әсерімен бөліскен сұхбаттарын ұсынамыз.

Бүгінгі сұхбатымыздың қонақтары:  «Аламан» тобының әншісі, әнші-сазгер ағамыз Медет Салықов Медет Салықовпен жұбайы дәстүрлі әнші Клара Төлендиева.

Неке.кз сайты үйленетін жастар мен жас отбасыларына арналғандықтан, біздің сіздерге қояр сауалдарымыз да отбасы, үйлену тойыңыз жайлы болмақ.

   — Медет аға, «Мен де бір кезде күйеу жігіт болғанмын» деп бастап, сол кездегі Клара жеңгемізге қалай қырыңдағаныңызды бір еске түсіріп өтсеңіз.

    МЕДЕТ: -Иа, ол бір қызық шақтар еді. Клара екеуміз негізі бір өңірденбіз. Мен Семейде музыкалық колледжінде оқып жүргенде, ол пед. колледжде білім алып жүріпті. Концерттерде бірақ кездеспеппіз. 1996 жылы екеуміз де Алматы қаласындағы консерваторияға келіп түскен болатынбыз. Клараның ағасы, қазірде белгілі актер Жанқалдыбек Төленбаев маған келіп: «Клараға көз қырыңда сала жүр»- деп тапсырған еді. Басында сырнайын көтеріп, жерлестігімді көрсетіп жүргенмін. Содан қойшы, уақыт өте көз қырымды қатты салып қойған болуым керек, басында дос боп, сосын барып бірге шаңырақ құрдық.

   — Клара апай, «Мен де бір кезде қалыңдық болғанмын» деп, жастық шақтың қызықты сәттерінен өзіңіздің тыңдармандарыңызға сыр шертсеңіз, қалыңдық Клараның қандай болғанын, Медет аға сізді өзінің қандай қасиетімен баурап алғаны жайында әңгімелеп берсеңіз.

    КЛАРА: Біз 2002 жылы үйлендік, конверваторияда бірге оқып, ұстаздарымыз бір болды, бір ұстаздың шәкірті болдық, содан бастап араласа бастадық. Сөйтіп таныстығымыз жанұя болуға ұласты. Медеттің маған ұнаған қасиеттері оның адамгершілігі, біреуге қамқор болып тұрғысы келетіні. Келін болып түстім, қыркүйек айының он төртінші жұлдызында. Ауылда көп уақыт тұра алмадық. Тарбағатай ауылының келіні болдым, тойдан кейін аз уақыттан соң Астанаға қайттық.

   — Бір –біріңізбен қалай танысып, ағамыздың ұсынысты қалай жасағанын, жеңгеміздің қалай келісім бергені сіздерің тыңдармандарыңызды қатты қызықтырары сөзсіз, біз де білгіміз келеді

    Клара ТөлендиеваКЛАРА: Токсан алтыншы жылдан бастап араласып жүріп, мені өзіне болашақ жар санап, лайық көріп, шешімге келіп маған сөз салды. Қыз бен жігіт бір-біріне қалай ұсыныс жасайды, солай жасады, мен өз келісімімді бердім. Көп ойланып, ол қандай адам дейтін емес, бұрыннан танитындықтан..

   — Үйлену тойларыңызда жалықтырған салт -дәстүр немесе ұнаған салт –дәстүр қандай? Қазіргі күндегі тойлардағы салт –дәстүрлердің орындалуына көңілдеріңіз тола ма?

    МЕДЕТ: Мен үйленген жылдары, яғни 2002 жылдары арақсыз той деген некен –саяқ еді. Әке-шешеме арақсыз жасасам деп ұсыныс айттым. Ата-анам елдің «гу-гу» әңгімесіне қарамай-ақ «тәуекел» деп жасап беріп еді. Аллаға шүкір, бүгінгі күндері мұндай тойлар мейлінше көп екені бізді қуантады. Көнеден қалған қазақтың дәстүрін осы тойдан ғана көріп жатамыз. Десек те асыра сілтеушілік бар екені жасырын емес. Тойдағы бір-бірінен асырып түсірем деген бәсекелестік маған аса ұнай қоймайды. Көрпесіне қарай көсілмей, кредит алып, ысырап қып жатады. Бірақ, мен үшін қазақтың әр тойы жақсы. Қазақты тойдан айырмасын.

    КЛАРА: Қазіргі жасалатын салтардың ішінде ата-анасына, ата-енесіне торт жегізетін дәстүрде меніңше бір жасандылық бар секілді. Басқа салттарға көңілім толады.

       — Тойдың есте қалған қызықты сәтін тыңдармандарыңызбен бөлісе отырсаңыздар.

   — Күтпеген достарымыз тойымызга келді, яғни келеміз деп жоспарламай жүрген. Достарымыз тойымызды өте жақсы деңгейде өткізіп берді. Тойымызға жиналған қауым концерт көруге келгендей болып, бір демалып қайтқан. Асаба қонақтардың көңілінен шықты.

    — Көп жағдайда әншілер, танымал тұлғалар той киімін арнайы тіктіріп жатады. Той киімдеріңіз қайдан алынды?

     МЕДЕТ: Мынау той, мынау концертке деп бөлмейміз. Халықтың алдына шыққаннан кейін, мейлі кішкене немесе үлкен сахна болмасын, мәдениеттен аттамау керек. Сондықтан тіктіріп те, жақсы дүкендерден сатып та алып жататынымыз бар. Біз арнайы тіктірген жоқпыз, сатып алдық. Себебі ол кезде бізді өнерге енді ғана қадам басқан болатынбыз.

     КЛАРА: Басқа қалыңдықтардай мен қазақ көйлекті таңдамадым, себебі мен ондай көйлектерді екі күнде бір киемін. Сол себепті ақ той көйлегін таңдап, Астана қаласынан Медет маған арнап сатып алды.

Сұхбаттарыңызға көп рахмет, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз!!!

16 Пікір

  1. Медет пен Клараның жұбын — өнерде жүрген отбасылардың ішінде қазақы дәстүрдің қаймағын бұзбаған, үлгілі жанұялардың қатарында деп айтуға болады. Өнерді, ұрпақ тәрбиесін бірге жетектеп келе жатқан екеуіне де көздеген арман-мақсаттарыңызға жете берулеріңізге тілектеспін дегім келеді.

  2. Cәлеметзізбе! Сіздің әндеріңізді сүйіп тындаймын. Жақын арада 22 қыркүйекте «Ұлттық шоу» бағдарламада, сіз отбасыңызбен өте бір керемет ән орындадыңыз. «Аккулар келгенде» атты ән. Сонын созін іздеп таба алмай қойдым. Осы әннің сөзін маған беретін жан бар ма екен

  3. салеметсиздер ме,бул ан магнда оте унады,онерли балапандардын дауысы керемет! осы аннин соз маганда кажет егер боп жатса МП3 нускасын тапсаныз!

  4. Салеметсизбе. Отинем маган да бари бирге Турсынбектин Астанадагы отбасы кунине арналган концертинде айткан оленди жиберизиши.алдын ала рахмет))) олен катты унап калды))

  5. Салеметсізбе! Медет пен Клараның МР3 форматта әндерді қайдан тапсам болады? Отініш, жеке поштама жіберіңізші мүмкіндік болса! Алдын ала рахмет!!

  6. Салеметсіздер. Алла сіздер мен бүлдіршіндеріңізді тіл көзден сақтасын. Үлгі аларлық отбасы екенсіздер. Бастарыңыздан бақ, астарыңыздан тақ кетпесен. Өтініш. «Аққу арман» əннің сөзін mp3 форматында жолдасаңыздар деймін. Біз де отбасымызбен бұл əнді өз елімізде шырқасақ деп ек.

Пікір қосу