Майя Манеза ұлды болды

4
1426
Майя Манеза сәбилі болды

Екі дүркін әлем чемпионы, Лондон олимпиадасының жеңімпазы Майя Манеза Алматы қаласының ауруханаларының бірінде  ұлды болды деп, Vesti.kz порталына күйеуі штангист Вячеслав Ершов хабарлады.

Сәбиді бүгін, яғни 20- тамыз күні босанған. Сәбидің бойының ұзындың 50 см, ал салмағы тура 3 кг болған. Жас жұбайлар тұңғыштарына Арсений деген есім берген.

«Сәбиді босану өте жақсы өтті, Майя өзін жақсы сезінеді. Біз бақыттымыз!» — деді Ершов.

Майя  Манеза 2007 жылдан бері Қазақстан құрамасында өнер көрсетіп келеді. 2009, 2010 жылдары 53- кг салмақта ол әлем чемпионы, 2010 жылы сондай-ақ Азия чемпионы болды. 2011 жылы әлемдік біріншілікте күміс жүлдені ұтып алған болатын, ал 2012 жылы ол Лондон олимпиадасының жеңімпазы болды.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың сәуір айында Майя Вячеславқа тұрмысқа шыққан болатын. Вячеслав Ершов бұрынғы ауыр атлет, 2006 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы.  Тойлары өткеннен кейін жастар аз уақытта сәби күтіп жүргендерін хабарлаған болатын.

Неке.кз сайты Майя Манеза мен Вячеслав Ершовты сәбилерінің өмірге келуімен құттықтайды! Арсениге ұзақ та бақытты құмыр тілейміз!

4 Пікір

Пікір қосу