Мастер класс: Түймеден жасалған гүл шоғыры

3
3995
Түймеден жасалған қалыңдық букеті

Бүгін біз сіздерге қалыңдық букетін өз қолыңмен жасаудан мастер класс ұсынбақпыз.

Өзіңіздің тойыңызға өз гүл шоғыңызды өз қолыңызбен жасауға бел буып, ерекше қалыңдық болғыңыз келсе, түймеден гүл шоғырын жасауды бізбен бірге үйреніңіз. Гүл шоғырды өз қолыңызбен жасау ең бастысы сіз өзіңіз армандағандай етіп сәндей аласыз.

1. Алғашқы қадам букет жасауға қажетті заттарды дайындау:
түйме гүл шоғыры
— түймелер (сан түрлі түсті және пішінді болғаны жақсы)
— сым (сым түйме тесігіне кіретін, иілгіш болуы керек)
— қайшы, қысқыш, ленталар, моншақтар, клей.
2. Түймелерді таңдап, түстері мен формалар сәйкестігін ескеріп, бөліп қоямыз.
түйме гүл 2
3. Әр түйменің ортасынан сым өткізіп, суреттегі секілді бекітеміз.
түйме гүл 3
4. Әр бір дайын «түйме шоғын» таспамен орап, ақыры букет қылып жинаймыз.
түйме гүл 4 түйме гүл 5
5. Букетті әдемі моншақтармен, лента, гүл, шілтермен әсемдеп, безендіруге болады.
түйме гүл 6
Түймеден жасалған гүл шоғыры басқа гүл шоғырларына қарағанда әдемі әрі ғұмыры ұзақ болмақ. Әрі түймеден гүл шоғырын өзіңіздің жасауыңыз сіздің талғамыңыздың ерекшелігі мен өз шеберлігіңіздің паш ететінін ұмытпаңыз. Сіз лақтырған гүл шоғырды қағып алған арудың бақытын ашып қана қоймай сіздің тойыңыздан мәңгілік ескерткіш болады деп сенеміз.

3 Пікір

Пікір қосу