Массагеттің аспаз қызы тұрмысқа шықты

6
1824

Массагет.кз сайтының контент-менеджері, блогер Сания Аринова өзінің сүйген жарына тұрмысқа шығады.

Былтырғы жылдан бері кездесіп жүрген жігіт Алмас Бижанов мырза массагеттің аяулы аруына тұрмысқа шығуға ұсыныс жасап, бірін — бірі сүйген екі жас өмірдің жаңа баспалдағын аттамақ. Алмас пен СанияТамыздың бірінші жұлдызында қазақтың салт -дәстүрімен сырға салу рәсімі өтті. Осы айдың оныншы жұлдызында Алматы қаласындаға Орбита шағын ауданында орналасқан мешітте екі жастың неке қию рәсімі өткенін де атап өткізгіміз келіп отыр.

Алмас пен Сания АУЭС оқу орнында бірге оқып, оқу орнының қабырғасында танысқан.

Сания массагет.кз сайтында 2012 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Санияның қолынан шыққан әр тамақ қазіргі күнде әр арудың мәзірінен табылады. Сания жасаған тамақтар құрамының қарапайымдылығы мен тез дайындалуымен ерекшеленеді. Сания қадағалап отыратын «Бастаңғы» бөлімі бүгінгі күнде массагеттік арулардың ең сүйікті бөліміне айналды. 

26-тамыз күні Алматы қаласының Алмалы шағын ауданында орналасқан қалалық АХАЖ бөлімінде некесін қиятын екі жасқа жаңа өмірге аттаған қадамдарына гүл бітіп, бақыттың есігі айқара ашылып бақытты өмір сүруіне, қос аққудай айдында қатар жүзіп, бірге қартаюларныа тілектеспіз!!! Бақытты бол массагеттің аруы!!!

6 Пікір

  1. Бакытты болыңыздар! Жанұя бақытын тілеймін! Алла бақыттарыңызды баянды еткей!

  2. Құттықтаймын Сәния сендерді тағыда!) Бақытты болыңдар! Жұптарың жазылмасын!
    Неғо, ана өзінің сүйген жарына тұрмысқа шықты дегендерің біртүрлі естіледі екен) Сүйген жігіті деген дұрыс болар!

Пікір қосу